Қара өлең үлгілері
Қосақтың басы болар жебей саулық, Жарасар келіншекке жібек жаулық. Жүрейін айнала ұшып аспаныңда, Ұшыршы тұғырымнан мені баулып.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Қосақтың басы болар жебей саулық, Жарасар келіншекке жібек жаулық. Жүрейін айнала ұшып аспаныңда, Ұшыршы тұғырымнан мені баулып.
Ауылым көшіп барады Ылайкөлге, Дүрия бешпент жарасар қынай белге. Жақсы жігіт жалғанда жалғыз ба екен, Айналайын көзіңнен жылай берме.
Ауылымның мекені ой ма, қыр ма, Қонады бұл жайлауға қайтқан тырна. Түскенде мен есіңе, ей, перизат, Шырқап сап, осы әніме қолың бұлға.
Ауылымның қонғаны тастақ төбе, Бір сәлем сағынғаннан айттым неге? Бірге өскен кішкентайдан, беу, қарағым, Жүргені өзімсініп қандай неме!
Ауылым көшіп барады Ылайкөлге, Жарасар дүрия бешпент қынай белге. Кеткенде ауылың алыс, құрбыларым, Құшақтап құс жастықты жылай көрме.
Ауылым көшіп барады Ылайкөлге, Жарасар дүрия бешпент қынай белге. Кеткенде ауылың алыс, құрбыларым, Құшақтап құс жастықты жылай көрме.
Ауылым көшіп барады Сарымсаққа, Қой айдаттым базарға алымсаққа. Ауылың алыс кеткенде, ей, қалқатай, Шықпайды екен шыбын жан сағынсақ та.
Ауылымның қонғаны ала татыр, Оқтай зулап дүние бара жатыр. Ауылыңның тұсынан ән салғанда, Ақ боз үйге сүйеніп қара да тұр.
Ауылымның қонғаны Қаратал-ды, Қарай-қарай жолыңа көзім талды. Пида қылып жолыңа арнар едім, Сенің үшін, жан сәулем, шыбын жанды.
Қара су есік алды өткелі жоқ, Жерінен өткелі жоқ өткенім жоқ. Жүректен шын сүйіскен тату сәулем, Жерімнен уәделі кеткенім жоқ.
Қара су есік алды өткелі жоқ, Суынан өткелі жоқ, өткенім жоқ. Кеткенде ауылың алыс, қимас қалқам, Басқаға көңіл бұрып кеткенім жоқ.
Қара таудың басына қарай жүрдім, Ақ баршаны басыма орай жүрдім. Келеді деп бұл жаққа естіген соң, Әрбір күнін Тәңірдің санай жүрдім.
Астыма мінген атым шым жиреннен, Қатқылға мал тоқтамас құмға үйренген. Қалқатай, әрі отырмай, бері отыршы, Мен байғұс жастайымнан қызға үйренген.
Қара көз қарай бердің дүркін-дүркін, Көзімді қарықтырды сенің көркің. Шашыңнан бір-бір талдап сүйер едім, Қайтейін жетпейді ғой ғұмыр шіркін.
Қара шашым келмейді қайыруға, Не демейді қас-дұшпан айыруға. Десе десін қас-дұшпан айыруға, Тел қозыдай шығайық жайылуға.
Қара су есік алды балдыры бар, Атыңды балдырынан шалдырып ал. Көңілің шыныменен менде болса, Ұйқыңды ерте жатып қандырып ал.
Қара су есік алды өткелі жоқ, Суынан өткелі жоқ өткенім жоқ. Шет болсаң бір Құдайға өзің шет бол, Ешқайда сені тастап кеткенім жоқ.
Қара су есік алды лай-ау деп, Қолымды сермей салдым былай-ау деп. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Үш тұрып, үш отырдым, Құдай-ау, деп.
Көзіңнің айналайын қарасынан, Қасыңның хат жазайын арасынан. Үстіңнен асыл бешпент шешіп берген, Қолыңнан айналайын саласынан.
Көзіңнен айналайын оймылдаған, Не сақтап, нені, қалқа, қойдың маған. Қарағым, қандай жанды жарылқайсың, Пенде жоқ бір өзіңнен ой қылмаған.
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment