Қара өлең үлгілері
Қарағым айналайын, айнам жақсы, Тигізбе залалыңды, пайдаң жақсы. Жаманның мінін айтсаң, торсаңдайды, Балқыған қорғасындай қайран жақсы.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Қарағым айналайын, айнам жақсы, Тигізбе залалыңды, пайдаң жақсы. Жаманның мінін айтсаң, торсаңдайды, Балқыған қорғасындай қайран жақсы.
Ән салсаң, өзімдей сал баяулатып, Мал жаяр Шопан ата жаяулатып. Астынан алты қырдың ән шырқасам, Шыдайды қайтіп дәтің ояу жатып.
Қаймақ жоқ қара суда—мұз болмаса, Бейқуат қойдың еті, тұз болмаса. Солқылдап екі шекем жүре алмаймын, Біреуі жолдасымның қыз болмаса.
Үлкеннің алып келген ақ батасы, Түйенің ойнақтайды жас ботасы. Сәрсенбі сәтті күні той жасапсыз, Тойыңыз құтты болсын, отағасы.
Тақияма таққаным тал-тал моншақ, Кер биеге жарасар кер құлыншақ. Кер құлыншақ ойнайды ат болдым деп, Қыз бейшара жылайды жат болдым деп.
Боз інген боздайды екен ботам-ау деп, Жүк артса, ақ ботама батады-ау деп. Бой жеткен жылайды екен кетерінде, Біреудің оң жағында жатам-ау деп.
Кейбіреуге жақпайды бұлтты күн, Жарасар ақ қозыға түбітті жүн. Қызылыңның барында қиялай бас, Басыңнан әлі-ақ өтер қызықты күн.
Болғанда алтын басың, құндыз шашың, Иілген жай секілді екі қасың. Кетпесін осы сөзім қошеметке, Ел-жұртқа әзіз болған сенің басың.
Демеймін алыстамын, шығандамын, Әйтеуір сен дегенде шығар жаным. Бұл тойға сен келді деп есіткен соң, Тыпыршып орнымда тұра алмадым.
Шаңырақты ұстайтын қызыл уық, Шеше байғұс бір табан қызға жуық. Садаққа салып атар қыз болмадық, Әкеге соның үшін болдық суық.
Ұшып жүрген әуеде ұлар ма екен, Атып алсам баласын жылар ма екен. Ауылың шалғай кеткенде, қимас қалқам, Көздің жасын көл қылып тұрар ма екен.
Ши кескенім, тағы да ши кескенім, Түрі әдемі болады шым кестенің. Дүниеде, жарқыным, аман болып, Олжа болар күлкімен күн кешкенің.
Ендігі бір ауыз сөз, анамыз Ақшолпанның көрегендігі жайында. Алаштың әйелі Ақшолпан анамыз перзентті кешігіп көреді. Сол кешігіп көрген баласын көтерерде, анамыз әртүрлі нәрселерге жерік болады. Әдепкі баласын – Ақарысты көтергенде, құс пен қойдың етіне жерік болады. Осы баласын туғанда, анамыз ауыл адамдарын шақырып а...
Қазақтардың пайда болуы Сыр бойына ноғайлардың қоныстана бастаған кезінен басталады. Ноғайлар мен орыстар бұрын бір-бірімен жауығып жүреді екен. Бірде орыс жағының елшілері ноғайларға бейбіт мақсатпен келіпті. Елшіліктің құрамында орыс кінәздері жіберген 30 жауынгер мен олардың әйелдері де болса керек. Мұның мәнісі, ор...
Өлшеп берген бұл өмір өтеді де, Бізді тастап басқаға кетеді де. Алыс жерден сені іздеп келгенімде, Көз қиығың тастасаң жетеді де.
Асау аттың алдында ақыры бар, Ақ теңгенің ішінде бақыры бар. Сен қайдағы, құрбым-ау, мен қайдағы, Епті болсаң, қасыңа шақырып ал.
Айналайын Тәңірім, пана бергей, Көкірегім кең сарай қала жердей. Өлең десе тартамын жер танабын, Озып келген бәйгеден қара кердей.
Алқызыл гүл деуші едім, алқызыл гүл, Қасың қара болғанда, тілің бұлбұл. Қартайған соң күн өтіп, сәнің кетер, Шамаң келсе, қалқатай, ойна да күл.
Ханның ісі түседі қарашаға, Кілем түсі келісер алашаға. Қабатыңа ала кет енді бізді, Ауыл сәні өзіңсіз жараса ма!
Саусағың ақ жамбының күмісіндей, Лебізің шын жұпардың иісіндей. Жүрісің әсем сұлу көрінеді, Жорғаның су төгілмес жүрісіндей.
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment