Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

2898 Total records
122,107 Unique word forms (full index)
4233 Avg. Document Length
Fields: title content genre region collector
Operators: AND OR NOT
Exact phrase: "..." use quotes
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 2898 records

Қара өлең үлгілері

Еліңмен сыбайлас елім отыр, Қыз алысып, ежелден, беріп отыр. Тапсаң, тәуір өлеңнің тазасын айт, Үлкен-кіші сөзіңе келіп отыр.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Кейбіреуге жақпайды бұлтты күн, Ақ қозыға жарасар түбітті жүн. Қызылыңның барында қиялай бас, Басыңнан әлі-ақ өтер қызықты күн.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ақсақ адам жүре алмас балдақ алмай, Жаманға бір сөз айтсаң алдағандай. Өзіңді әдейі іздеп келіп едім, Сөз сөйле көңіл кірі қалмағандай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Басынан Алатаудың арша ап жүрмін, Аршамды көтере алмай шаршап жүрмін. Белгісі шаршағанның осы емес пе, Достарды өздеріңдей аңсап жүрмін.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жаудың бетін Қосаным мүлт қайырып, Ауыр бейнет азаптан мүлде айырып. Есен-аман келген соң бақыт үшін, Дастарқандар отыр ғой мол жайылып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ойлап тұрсам өмірім гүл емес пе, Гүл өмірдің сұм фашист сұмы емес пе. Есен-аман кездестік Қосанменен, Алдан күткен бақытым бұл емес пе.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бір күнде ауылыңа неше келдім, Табылмады реті кездесердің. Бірде өзім, бірде өзің күтуменен, Түсер болдым көзіне мұндағы елдің.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Лағыл ағы, жаным-ау, лағыл ағы, Жүйрік айғыр бәйгеге шабылады. Күнде мұндай кезіміз келе бермес, Өлең айтып отырсаң, неқылады!

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ақ сағыз, қара сағыз, майда сағыз, Алады тістің кірін шайнасаңыз. Мойынды бұра тастап құлағың сал, Өлеңім қара дауыл байқасаңыз.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Елім жайлар, Сайрам су, Күнгейіңді, Саған ғана айтамын білгенімді. Талабыңа нұр жаусын, ай-ау, бала, Аман-есен тілеймін жүргеніңді.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Кеседі ақ киізді түңлік қылып, Жаратты қызды Құдай мұңлық қылып. Әкемнің қызы болмай ұлы болсам, Жүрер ем өз елімде билік құрып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сырлы қасық, жаным-ау, сырлы қасық, Сылқымдықпен сындырдым сабын басып. Күнде мұндай көзіміз келе бермес, Бес-алты ауыз өлең айт көңіл ашып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жоғарыдан келеді бір топ тана, Бір топ тана су ішер ұрттап қана. Көп ішінде сағымды сындырмадың, Төсегіңде ойнасын бір топ бала.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қызыл түлкі, ой, қалқа, қызыл түлкі, Қайда қалмас жігіттің жиған мүлкі. Тіршілікте жүрейік сіз-біз десіп, Өтіп-кетіп барады ойын-күлкі.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жаным-ау, көк үліңгі, көк үліңгі, Көтерші өлең айтып көңілімді. Көтерсең өлең айтып көңілімді, Қылсын да Құдай ұзақ өміріңді.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Асты қорым дарияның, үсті қорым, Үстіндегі киімің ноғай порым. Қандай дұшпан өзіңді кемітеді, Алтын кірпік болғанда, аққу мойын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қасың қара қағаздың қаламындай, Болады екен, апырай, бала мұндай. Шешең пері болғанда, әкең арқар, Бір кісіден тумайды адам мұндай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Құба жетер тағы да, құба жетер, Көшкен елдің қадірі қонғанда өтер. Ойнап күлсін жастарым оралында, Мына дәурен басынан әлі-ақ өтер.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұшып жүрген әуеде ұлар ма екен, Атып алсам баласын, жылар ма екен. Ауылы алыс кеткенде, беу, қалқатай, Бізді есіне ап бір сәтке тұрар ма екен!

Genre: Қара өлең
Previous Page 59 of 145 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment