Search Interface

Explore oral narratives by collector, region, performer, and tale type.

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading.

570 Total records
48,701 Unique Word Forms
5991 Avg. Document Length
Fields: title content genre region collector
Operators: AND OR NOT
Exact phrase: "..." use quotes
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 570 records

Асыл кілт

Ертеде, біздің атамыздың аталары білмейтін заманда «Байтақ ел» деген елде Тілқайсар деген шаруа адам өтіпті, сөзге шешен, елге көсем екен. Тілқайсар бес кісілік күші бар, ел сүйсінер ісі бар адам екен. Жоқшылық көрген, тек қайырымы мол, үйінің айналасы жол, жолды салған сол елден жыйналған қол екен. Тілқайсар көсем бол...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: К. Қаденов

Науша батыр

Кіші жүз, он екі ата байұлынын байбақты руынан шыққан Наушабатырсәбикүніндеата-анасынанжетімқалып, қаңғырып жүріп Әлімніңбірасқанбайынатапболады, оныңқозысынбағып ер жетеді. Байдың неше жүз жылқысы болады. Сол заманның ағым-салты бойынша жылқыға жиі-жиі ұры-қарақшы тиіп, жылқышыларын ұрып-жығып, жылқыны шетінен бөліп ә...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: А. Мырзағалиев

Елеңке батыр

Елеңке деген батыр қалмақтармен соғыс кезінде сарбаздарының бәрі майданда қырылып, жалғыз өзі ғана қалыпты. Қашып құтылуға шамасы келсе де, жаудан қашу, шегіну дегенді өлімнен жаман көретін батыр: «Әлім біткенше соғысайын»—деген оймен соғыса беріпті. Қалмақтың қол бастаған ханы Елеңкенің батырлығын бұрыннан естиді екен...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: К. Рахманов

Ер Тарғын

Баяғыда Тарғын деген бір батыр болыпты. Өз елінде кісі өлтіріп, айыпты болып, жазадан қорқып, қашып Қырым жұртына кетіпті. Ол мезгілде Қырымда қырық хан бар екен. Олардың ең үлкенінің аты Ақшахан екен. Тарғын Ақшахан елінде тұрды. Оның мұнда тұрғанына көп мезгіл өтеді. Жұрт оның батыр екенін білмепті. Көптен бері Қырым...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Н. Саркин

Алты жасар Алпамыс

Ілгергі бір замандарда Жүзбай деген бір бай болыпты. Оның Алпамыс деген бір ұлы бар еді. Бір күндерде Жүзбайға телі жылқысына жау шабады. Жүзбай тұрып сонда баласына ақыл салып: —Ау, балам, мен болсам қартайдым, сен жылқыны қуып барып, жаудан кек алуға шамаң бар ма?—дейді. Сонда алты жасар Алпамыс бала да болса батыр б...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев

Алпамыс

Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман аманда, Жиделі Байсын деген жерде, Қоңырат деген елде Байбөрі деген бай болыпты. Бір күні Байбөрінің Аналық атты кемпірі: —Е, бай біз өліп кетсек бұл малға кім ие болады?—жасым болса келді, «сен келдің 80-ге, мен келдім 70-ке, не айтасың»— депті. Сөйтіп Байбөрі байға Аналық атты кемп...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Т. Сыдықов

Қамбар батыр

Бұрынғы заманда бір жарлы уақ деген ел бар екен. Сол уақта он төрт жасар Қамбар деген бала құлан, киік атып беріп, елін асырап жүреді екен. Уақ елінің жел жағында алты күншілік жерде Әзімбай деген ханның елі бар екен. Ол ханның он екі жасар Назым сұлу деген қызы бар екен. Бір күні Әзімбайға бір жақсы көретін уәзірі кел...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан

Садақбай батыр

Өткен ғасырларда өзбек елінен Садақбай деген бала туып, туған күнінен жаратылыс тұлғасы өзгеше, ірі денелі болған. Бірақта, Садақбай туған күні ірі, денелі болу зардабынан шешесі қаза табады. Әкесі Садақбайдың туғанына қуанышта болса да жаңа көрген жас бөбегін қалай тәрбие қылудың тәсілі өте қиындыққа соғып, енесінің қ...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: С. Аймағанов

Бек батыр

Қазақ қалмақпен жауласқан кезде, Еділдің бойында «Бөріхан» дейтін хан болған. Сол ханның «Бек» дейтін батыры болған. Бек батыр қалмақпен жауласып жүріп қолға түсіп қалған. Қолға түскен батырды әдепсіз көп қалмақ қол-аяғын байлап, қалмақтың ханына алып барған. Қазақтан қорлық көріп жүрген қалмақ жалғыз батыр қолына түск...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев

Ер Көкше және оның ұлы Ер Қосай

Қамбардың Ер Көкше атты баласы болыпты. Оның қырық мың қолы бар, Желдірмес атты руда жауы болыпты. Ер Көкше Желдірмес жеріне жеткенше көп әскерге азық жеткізе алмасын алдын-ала ойлап, Қырық батырымен ғана аттаныпты. Желдірмес жұрты да ұрысқа дайын отырыпты. Қырық батыр оларға баса-көктеп кіргенде, адамдар қырғынға көп...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Г.Н. Потанин

Әлеуке батыр және оның ұлы Орақ

Әлеуке дейтін батыр болыпты. Оның Әліби деген досы болыпты. Әлеуке батырдың тоғыз ұлы болыпты. Әлеуке батырдың жауы қалмақтар екен. Батыр қалмақтарға қарсы тоғыз ұлын бас қылып, әскер жібереді. Көп күндер мен айлар өткен соң әскер қалмақ жеріне жетеді. Әскер арасында ешкімнің жаудың күшін байқауға батылы бармағанда Әле...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Г.Н. Потанин

Таласпай мерген

Баяғыда бір бай болыпты. Оның елін Қобыланды батыр жаулап алмақшы болады. Байдың Қараман атты жалғыз баласы болыпты. Ол Қобыланды батырдың әскерін тоқтату үшін елші жібереді де, сол уақыт аралығында өзінің халқын жинайды. Екі жақтан да артық қан төгіс болмас үшін Қобыландыдан жекпежекке шығуды талап етеді. Қарақыпшақ Қ...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Г.Н. Потанин

Бөген батыр

Күндерде күн өткенде, Күн мәріне жеткенде, Ақборық буаз болады Туарманға жақындап. Бұл ноғайлы ханының қыздары-Қанікей, Тінікей: «Бөген кәпірден қыз алды» деп қастық ойлап, Ақборыққа күндес болады, егерде бала тапса, оған залал келтірмекші болып, мыстан кемпірге сөйлесіп қояды. Бөген батырдың әйеліне «құтты болсын айта...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: І. Нұрмағамбетов

Нәрік батыр

Бұрынғы заманда Нәрік деген батыр болыпты. Өзінен туған баласы жоқ екен, бір құл Шора деген баланы асырап, бала қылыпты. Бір күні ойлапты: «Өзімнен туған балам жоқ, «кісі баласы кісендесе де тұрмас» деген сөз бар еді, менің мұным келіспейді екен, қартайғанда мені кім күтеді, сүйегімді кім қолынан жуып арулап қояды, она...

Genre: Батырлық ертегі Year: 1896 Region: Қазақстан Collector: А.Е. Алекторов

Қарадөң батыр

Бұрынғы заманда бір шаһарда Қарадөң батыр дейтін батыр болыпты. Ол уақытта шаһарда Қарадөң батыр тұрғанда шеттен жау келіп ешкім бата алмайды екен. Қарадөң батырдың кішкентай кезінде қалмақтар шаһарды жеңіп, қазақтан бір қыз әкетіпті. Қарадөң батыр өскеннен кейін қалмақтар әкеткен қыздан үш дәу туыпты деп есітіп, Қарад...

Genre: Батырлық ертегі Year: 1935 Region: Қазақстан Collector: Қ. Бекхожин

Жалғыз жігіт ұрпақтары

Бұрынғыда Жалғыз жігіт деген батыр болыпты. Оның әкешешесін соғыста қалмақтар жеңіп өлтірген екен. Жалғыз жігіт ержеткеннен кейін, әкесінің кегін алуға жанына бір жолдасын ертіп алып, қалмаққа қарай жол тартып жөнелген. Сонымен келе жатып, көп қалың қалмақтың әскеріне жолығып, сол жерде соғысып, есеп жетпес қалмаққа, е...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Б. Жақыпбаев

Әлібек батыр

Ертеде бір бай болған екен, төрт түлігі сай болған екен, бір перзентке зар болған екен. Сол бай бәйбішесімен екеуі, құдайдан бала тілеуге тоғыз нарға тоғыз тоғанақ жүк артып, тоғыз ту бие жетектеп, тоғыз жолдас ертіп, азық-түлікті жинап алып, жолға шығады. Жолаушылар бірнеше күн жол жүріп, шаршап келе жатса, өзен бойын...

Genre: Батырлық ертегі Year: 1940 Region: Қазақстан Collector: Х. Нұрмағамбетов

Құйым батыр

Баяғы өткен заманда Мысыр шаһарында Алған деген бай болыпты. Ол байдың Берген, Мерген, Құйым деген үш баласы болыпты. Ол бай—төрт түлік малда есеп болмайтын бай екен. Балаларының алды 18 жаста, ортаншысы 16 да, ал кіші баласы 8 жаста екен. Балалары ер жеткен соң, бір күні балаларын шақырып алып, «Балаларым, сендердің е...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә. Жапаров

Батыр мен бала

Ертеде бір батыр жорыққа аттанып келе жатыр екен. Көз ұшынан бір қара көрінеді. Таяп келсе, әлгі бір астында қара тайы бар бала екен. Баладан батыр жөн сұрағанда: «Серік болатын жолдас іздеп жүрмін»,—дейді. Батыр: —Саған мен серік боламын,—дейді. Екеуі жолдас болып келе жатады. Баланың қолындағы қамшысы өте жақсы екен,...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Бейсенбайұлы

Қойшы батыр

Ертеде бір қойшы болыпты, көп өмірін қой жайып өткізіпті, сол өміріне дейін ат мініп көрмепті. Бір адаммен бел ұстасып күресіп көрмепті. Бір күні қорықтық пісіріп отырып ойға кетіпті. «Япыр-ау, осы мен қалаймын, жасымнан атқа бір мінбедім, күшімнің қандайын да білмедім, сын-сынақтан өтпедім». Сол мезетте көзі саптыаяқт...

Genre: Батырлық ертегі Year: 1880 Region: Қазақстан
Previous Page 6 of 29 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Corpus Articles

Articles on systematization and interpretation of folklore data.

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Project Overview

This corpus was created to preserve, study, and teach the oral heritage of Kazakh folklore in a digital environment.