Қара өлең үлгілері
Қаройдың қасқыр алар қасқалдағы, Жаманның жары Құдай сасқандағы. Сыймаған тілі аузына ақын дейді, Жауап бер жауабыма басқар дағы.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Қаройдың қасқыр алар қасқалдағы, Жаманның жары Құдай сасқандағы. Сыймаған тілі аузына ақын дейді, Жауап бер жауабыма басқар дағы.
Қаройдың қасқыр алар қасқалдағы, Көпірдің солқылдайды басқан жағы. Жаманмен жәйді білмес болсаң жолдас, Жұлдызды әпер дейді аспандағы.
Ұшады көлден үйрек-қаз айырмай, Жаманға салма, Құдай, назарымды-ай. Жаманға салсаң, Құдай, назарымды, Жәрмеңке тарқап кеткен базарындай.
Баспадым жардың шетін құлай ма деп, Ішпедім көлдің суын ылай ма деп. Жаманнан жарты сабақ жіп алмаймын, Күн туса, ердің құнын сұрай ма деп.
Жаңбырда сулық қайда сұр шекпендей, Сөйлер жаман тас құлап дүрс еткендей. Жақсының тілі майда, үні жұмсақ, Жай табар жанған жүрек су сепкендей.
Той болса еркін жүйрік алшақтайды, Ерді Құдай, етікті нәл сақтайды. Жақсының қайда жүрсе, жаттығы жоқ, Жасырып жаман сырын жалтақтайды.
Жақсылар алабына үлгі шашқан, Жөн сөйлеп, әр кез тура аяқ басқан. Деген бар, ойнасаң да ойлап сөйле, Жұғады мінез достан, ауру астан.
Айқайласам ақ киік тау асады, Егіншінің қатыны бау басады. Жамандарға кез болсаң, дауласады, Жақсылармен әзілің жарасады.
Адам қайтсін басқаны асқан бағы, Ұра берсең, от шығар тастан дағы. Кісі жары кісіге жар болмайды, Балапандай бауырыңа бассаң дағы.
Су аспас биік жардан тасқандағы, Жаманның жары Құдай сасқандағы. Бағаңа жан жетпейтін, асыл еркем, Дәрежең жұлдызбен тең аспандағы!
Қырғауыл, аңға шықсаң, атқан тәуір, Бал болса, жанай өтіп татқан тәуір. Жаманмен құшақтасып бір жүргеннен, Жақсының аяғында жатқан тәуір.
Жайлау жақпас жаманға жайлағанмен, Бірде-екілі биесін байлағанмен. Беті қызыл біреудің ақылы аз, Құры тілін қайтесің сайрағанмен.
Жақсы деген жақсының аты қандай, Сырттан айтқан жаманның даты қандай. Жайды білер жақсымен болсаң жолдас, Мың ділдаға бір сөзі татығандай.
Осы сөзді жақсы айттың, замандасым, Екі елуге жасыңыз аман барсын. Қайда жүрсе, жақсының жаттығы жоқ, Алса Құдай, әуелі жаманды алсын.
Келеді ердің ері екі елуге, Ақ тұйғын құс қонады мекеніне. Жаманға жазатайым ісің түссе, Білмессің бір басыңның не екенін де.
Өзі мұнда жақсының кілті аспанда, Сөз түспейді ауызға ер сасқанда. Тойда айтпаған өлеңді қайда айтамыз, Өңкей жақсы жиылып бас қосқанда.
Бел десең де, тау деме аласаны, Аласаның басынан мал асады. Сөзі де ерсі жаманның, өзі де ерсі, Ойнап-күлсең жақсымен жарасады.
Күн батпайын десе де, кеш қоймайды, Жаламалы жартаста ешкі ойнайды. Жаманға жайды білмес айтсаң бір сөз, Басыңа бір тиындай ес қоймайды.
Айтайын мен бір сөзді мағыналап, Құлақ сал, жасөспірім, жаңа талап. Жаныма шарапаты тие ме деп, Жүремін жақсыларды жанамалап.
Жаманға жалпаң қылма малы бар деп, Жабыдан айғыр салма жалы бар деп. Болмайды қарға сұңқар қайырғанмен, Есекті тұлпар деме әлі бар деп.
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment