Қара өлең үлгілері
Шапаным үстімдегі қара барқын, Білмейді жаман кісі сөздің нарқын. Жақсыдан жақсы туған азаматсың, Сөзімнің аңғарарсың алды-артын.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Шапаным үстімдегі қара барқын, Білмейді жаман кісі сөздің нарқын. Жақсыдан жақсы туған азаматсың, Сөзімнің аңғарарсың алды-артын.
Жақсының жүрген жері күнде базар, Жүйріктің делебесі дуда қозар. Кей адам алдың-күлдің сөз сөйлейді, Жоқ болса басалқасы, бір күн тозар.
Ағаштың күзде солар жапырағы, Жаманның жасырылмас топырағы. Екінің бірі өлсе, бірі қалар, Сөнеді, жалғыз өлсе, шамшырағы.
Құралған көлік болмас тай, танадан, Алды-артын жігіт оңбас байқамаған. Өрлетпей өлеңімді бөгемеймін, Алдыма кез келгенде айтар адам.
Болмайды шапқан бірдей желгенменен, Ақынмын шеніне ешкім тең келмеген. Дегенге жүйрік, жүйрік кім сенеді, Болса егер бәйге алғанын ел көрмеген.
Білмеген дос қадірін не біледі, Көңілім шын доспенен семіреді. Тар үйде тарыққанда досың келсе, Дүние жан жадырап кеңір еді.
Кісі емес кісі артынан табалаған, Дос емес дос көңіліне қарамаған. Төрт бұрышын дүниенің шарласа да, Ер азбас өз ақылын шамалаған.
Жинауды неге білім жек көрелік, Несібе адалынан жеп көрелік. Ойланып артық ақыл таба қалсақ, Ақысыз арттағыға тек берелік.
Биік ұш бұлтты жарып бүркіт болсаң, Сау етер піскен алма сілкіп қалсаң. Қайтып ел бөленесің құрметіне, Халықтан өнеріңді іркіп қалсаң?
Шабыс құмар шын жүйрік құнанынан, Талап қылар жақсы адам ұланынан. Қай қияға салса да, қажымайсың, Түз бүркіттің туғандай қыранынан.
Жарқырап жұлдыз біткен ай болмайды, Есекті қанша күтсең тай болмайды. Сағызды күндіз-түні шайнасаң да, Бір тістем жүрек жалғар май болмайды.
Сауысқан шықылықтап бұлбұл болмас, Жабыны жемдесең де, дүлдүл болмас. Жаманмен мың күн бірге сыйласқаннан, Жақсымен болған артық бір күн жолдас.
Үйіңнің мал өтпейді шарбағынан, Шебердің бал тамады бармағынан. Бүгін құмар қанбаса, ертең қанар, Ажалдың сақта Құдай қармағынан.
Көрдім мен беткейде өскен көп өрікті, Сабағы көп өріктің көгеріпті. Барында қызылыңның қиялай бас, Күлмеген, ойнамаған не көріпті.
Анаң да мақтан еткен ұл туғанын, Қолыңнан келмес іске ұмтылмағын. Сояды, халық қаласа, хан түйесін, Ойлай жүр қайда жүрсең ұлтың қамын.
Адам басы тағдырдың добы деген, Қайда ұрса сонда кетер қолыменен. Тыңнан із салып кетсе алдыңғы арба, Соңғы арба жүрер болар соныменен.
Қай белес мына белес, құба белес, Белеске шығуға кім құмар емес. Барында оралыңның ойна да күл, Жас дәурен басымызда тұра бермес.
Адал еңбек еткенге дәулет келер, Көңілі өсіп, көркі де сәулеттенер. Бақыт құсы басыңа қонған күні Дос, дұшпаның бірлесіп соңыңа ерер.
Бәйгеге дейді біреу ат шабады, Бәйгеге дейді біреу бақ шабады. Шапқылап ат та, бақ та бәйге ала алмас, Бәрін де басып озып бап шабады.
Қырандар жүр қиырдан түлкі қағып, Ұландар жүр құр ойын-күлкі бағып. Не ол емес, ойлашы, не бұл емес, Бұл дүниеде біз осы жүрміз не қып?!
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment