Қырым жұртында қырық сан Ноғай болғанда, бір ханның баласы анасынан шала туыпты. «Тілеп алған балам шала туып, жұртымды шала қылады екен» деп, ханым баланы Дешті-Қыпшақта көшіп-қонып жүрген он сан Ноғай ішіне тастатыпты. Бала өсіп, ер жеткен соң әйдік өнерпаз болыпты. Бір күні хан өзінен туған бала, сөйтіп, өнерпаз бол...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Есте жоқ ескі заманда Сыр бойында 32 рулы елді билеген Қызыл Арыстан деген хан болады. Бұл ханның төңірегінде бес жүз түтін төлеңгіті бар екен. Ол өзінің жасақтары мен төлеңгіттерін бастап соғыс жорықтарына аттанып ырғын олжа, көп тұтқын түсіріп қайтып отырады. Бір жорықта асқан сұлу бір қыз тұтқын болып қолға түседі,...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Сол заманда сүйегі ноғай Әбілхайыр деген хан болады. Мұны әз-Жәнібек деген кісі біледі. Жұрт Әбілхайыр ханның қасына Арғынды отырғызады. Арғынның ақылы ханнан артып, ел Арғынға ауады. Бұған Әбілхайыр хан іштей наразы болады да, Қобыланды деген батырына Арғынды өлтіртіп тастайды. Сонда әз-Жәнібек Әбілхайырға кісі салады...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Ертеде бір жорықта Қалша Қадір деген қолбасшы жарақаттанады да құбажон, жапан далада жалғыз қалып қояды. Өлейін деп қатты қиналып жатқанда, аспаннан бір қаз ұшып келіп, аузына су тамызады. Содан оны тірілтіп, аман алып қалады. Осыдан екеуі қосылып, сол ақ қазбен бірге өмір сүріп, үрім-бұтақты болады... Қаз-аққу болып к...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
«Қазақ» атауы «қазы-ақ» деген сөзден өзгерген екен. Жәнібек хан бастаған көшпелілер Әбілхайыр (Өзбек) хандығынан бөлініп шыққан соң Жәнібек қазақ тайпаларын үш жүзге бөліпті. Ұлы жүзге Үйсінді бастық қойып, Жалайыр деген кісіні оған орынбасарлыққа бұйырыпты. Орта жүзге Арғынды бек сайлап, Найманды оған көмекші етіп бек...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Қазақ деген сөз «қыз» бен «ақ» деген сөзден қосылып «Қазақ» болған дейләр. Бұларның делеллері: бір заманда бір патшаһтың қызы түсінде ихтіләм болып, иүклі болып қала дүр. Себепсіз иүклі болып қалғандықтан, атасынан қорқып, бұ сөзні даясы білән қызметкер қызға білдіре дүр. Алар исә, – сенің пәк, таза екендігіңе гуаһлық...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Бір заманда бір патшаның қызы түсінде ахтылам (үйлену) болып, жүкті болып қалады. Себепсіз жүкті болып қалғандықтан, атасынан қорқып, бұл сырды дәйесі мен қызметкер қызға білдіреді. Олар: «Иә, сенің пәк, таза екендігіңе куәлік берсек, жағдай қиын болады. Енді бұның бір шарасы, басқа бір тарапқа қашпақ-дүр. Онда сені жа...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Өткен VI ғасырда түрік нәсілінен бөлінген Қырымдық тұқымдар арасына жоғарыдағы Әнәс келіп, түрікше бала оқытады. Оның Мағаз деген бір баласы ержетіп, өсіп келе жатқанда Қырымдық хан өз қаласында бала оқыту мақсатымен Әнәстан Мағазды сұрап алады. Мағаз хан қолында бала оқытады. Сүйтіп жүріп үйленіп, одан Сапыл деген бал...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Collector: Ғ. Бегішев
Бір замандарда Яаман уәлаятында «Сейхұлхәрәм» деп аталған күшті сел болған. Міне, бұл сел Яаман уәлаятын көп харап еткен. Сол уақиғада бұл қәбиллердің (Қозаға мен Хұзаға) әрбірі бас-көздері қараған тарапқа көшіп кетіп, таралып бытырап біткен екен. Міне сол уақыттарда олардан кейбір рулар түркі-татарлармен араласып, қаб...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Былайша атамыз қазақ Әнас әулиеден оныншы атада дүниеге келіп, атамыз Қазақ балалары үшінші және төртінші атаға жеткен кезде Бұқараға қараған жерге келген еді. Сол уақта Бұхардың ханы Қызыл Арсылан ханның бәйбішесінен бала болмай, екінші қатын алып одан бір ер бала туып, бірақ баланың тәні ала болып туыпты. Бәйбіше күн...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Collector: Ә. Оспанов
Енді бірінде Адам ата 1000 жыл жасапты дейді. Нұх пайғамбарға дейінгі ұрпағы өсіп жүз мыңға жеткен. Адам ата өлерінде халықты Шышқа тапсырған. Шыш 912 жасқа жеткен. Шыштан Қайнал туған, одан Мағауия, Бөрден, Ыдырыс туған. Ыдырыс өте білімді зор ғалым болып, 750 жас жасаған. Халыққа неше түрлі өнер үйреткен, дүниеден ті...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Әбубәкір Күлбабаның заманында «Отыз екі баулы Өзбек» атанған деседі. Өзбектің үш баласы болған: Мың, Жүз, Қырық. «Адам Атадан бұ заманға шейін пәленнің баласы пәлен, түгеннің баласы түген», – деп сөйлеуші өтірікші, жалғаншы болса керек. ...Қай тұқымнан, қай нәсілден шыққандығын айырып, дәлелімен айтып отырса, оның өзі...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Аяқ сап атқа оңай мінгеніңмен, Болмаса жүре алмайсың үзеңгің тең. Тең ұстай білген абзал тізгінді де, Теңіңмен ойнап-күлсең болмайсың кем.
Genre: Қара өлең
Әуеде ұшып жүрген қаз баласы, Жылқының тоқтамайды азғанасы. Құдаша, қой бақты деп сөге көрме, Біреудің мен де ерке бозбаласы.
Genre: Қара өлең
Тас та ауыр сезілмейді керегінде, Шалғайға, сен болмасаң, келемін бе?! Қолыңның түбін бермей, ұшын беріп, Қалады жеңім тозып дегенің бе.
Genre: Қара өлең
Қолымда ұзын құрық, бау демеймін, Шоқыны анау-мынау тау демеймін. Телміріп көзің неге жеп барады, Ойыңды арамдықтан сау демеймін.
Genre: Қара өлең
Түзер ме қисықты сап тек тізеге, Жалғамай жіңішкені епті үзе ме. Көк дөнен көңілден де арман жүйрік, Өрге сап, төске шаппай жеткізе ме?
Genre: Қара өлең
Уағда сөзге қазық лебізбенен, Бір сөзді екі қайта дегізбеген. Сарқылып сағасыз су сап болады, Телегей тең болмайды теңізбенен.
Genre: Қара өлең
Қатының жақсы болса жайлау жердей, Онымен өмір сүру биік өрдей. Шабан ат, өтпес пышақ, жаман қатын, Күйсіз құс түлкі алмайтын—бәрі бірдей.
Genre: Қара өлең
Көктегі бейне толған айдай он бес, Ойнаған көк шалғында тайдай он бес. Қалайық осындайда ойнап-күліп, Келмейді қайта айналып, айхай, он бес.
Genre: Қара өлең