Қара өлең үлгілері
Ертістің сақ келеді сауысқаны, Айғыр мен аттың жөн бе алысқаны. Барысып қалдық, білем бас, аяққа, Жөн шығар тақырыптың ауысқаны.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Ертістің сақ келеді сауысқаны, Айғыр мен аттың жөн бе алысқаны. Барысып қалдық, білем бас, аяққа, Жөн шығар тақырыптың ауысқаны.
Тұрыс жоқ өлең десе пақырыңда, Қармаққа іліктің бе ақырында. Байқап бас аяғыңды, қапы қалма, Сотқардың сорлы түсер тақымына.
Жағасы айдын көлдің әрлі ұсақ тас, Жиылар той болған соң кәрі мен жас. Отыру бекер қарап жарамайды, Әріптес, айтысайық, ұйқыңды аш.
Жарамды жан азығы өлең деген, Өлеңді жеңе алмайсың денеңменен. Дауылын қара өлеңнің мен соқтырам, Талайлар талмасы ұстап сереңдеген.
Жорғамын өлең десе желмейтұғын, Қырандай айтқан сайын өрлейтұғын. Өзіңдей ісіп-кеппе жел өкпені Өлеңмен мен боламын емдейтұғын.
Көтерер тайқазанды темір ошақ, Шығады жауыннан соң кемпірқосақ. Менімен айтысуға неге келдің, Білетін бар өлеңің болса осы-ақ.
Бастаудың көзі бітер аршымаған, Айтасың не деп өлең қарсы маған. Тілегенің қарныңа, ал қабылда, Бұйымтайың сол болса бар сұраған.
Дәйім менің мінгенім бедеуше еді, Мінген сайын бедеуім терлеуші еді. Бұдан бұрын тойда өлең айтқаным жоқ, Бастағанда өлеңді не деуші еді.
Айтушы едік өлеңді жасымызда, Жас қозының терісі басымызда. Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз, Өңкей туыс жиналған қасымызда.
Дәйім менің мінгенім дөнен кердей, Төре-қара алдыңнан жөнелгендей. Айтушы едің өлеңді ұзақ таңға, Неге отырсың, құдағи, бөгелгендей.
Қара өлеңге келгенде Қабандаймын, Қапияда қара өлең таба алмаймын. Таба алмаймын дегенге таңданбаңыз, Еркін жүйрік қызыл тіл амалдаймын.
Өріске айдап салдым бозінгенді, Аузыма өлең болып сөзім келді. Өзіңмен айтысуға құмар едім, Қаңбақтай жел аударған кезің келді.
Басында биік таудың ұлары бар, Жерге егін бітік өсер құмары бар. Айта отыр өлеңіңді, айтыс десе, Көңілімнің тарқамайды құмары бар.
Өлеңім өлеңіңе сай демеші, Көп мақтап қаспағыңды май демеші. Өлеңді кез келгенде қоя бермей, Өлеңнің мұнда отыр ма қайын енесі.
Айтамын кейде аяңдап, кейде желіп, Естіген өлеңіме болар жерік. Өзіңді бір көруге құмар едім, Айтыстық осы тойда кезің келіп.
Әріптес шашың қара, бетің аппақ, Тапты екен қандай ана сені баптап. Байқаймын айтыс онша қызбай отыр, Үрлейік кел екеуміз екі жақтап.
Шығады өлең қайдан дарымаса, Өтпейді пышақ кейде жанымаса. Қиыннан қиыстырып, тереңдеп айт, Дей түссін тыңдаған жұрт тағы болса.
Ән салсаң сал мына мен салғандай қып, Әнге жұрт таң-тамаша қалғандай қып. Сүйсініп еске сақтап естіген жан, Айтуға өзі жаттап алғандай қып.
Өлеңің өлеңімнің жалғасындай, Үйлесім ойлап қара бар ма осындай. Таңдайың қызған сайын тақылдайды, Дәуіттің төске соққан балғасындай.
Басы еді өлеңімнің әрияйдай, Ішіңді ерітейін сары майдай. Жел сөздің бес-алты ауыз арқасында, Алашқа атым шықты Абылайдай.
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment