Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4409 Total records
177,487 Unique word forms (full index)
3991 Avg. Document Length
Fields: title content genre region collector
Operators: AND OR NOT
Exact phrase: "..." use quotes
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4409 records

Қара өлең үлгілері

Ән салсаң сал мына мен салғандай қып, Әнге жұрт таң-тамаша қалғандай қып. Сүйсініп еске сақтап естіген жан, Айтуға өзі жаттап алғандай қып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңің өлеңімнің жалғасындай, Үйлесім ойлап қара бар ма осындай. Таңдайың қызған сайын тақылдайды, Дәуіттің төске соққан балғасындай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Басы еді өлеңімнің әрияйдай, Ішіңді ерітейін сары майдай. Жел сөздің бес-алты ауыз арқасында, Алашқа атым шықты Абылайдай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жайлайды жылда ауылым теріскейді, Көп жылқым теріскейде өрістейді. Бұл тойға тамаша іздеп келгеннен соң, Отыру бекер қарап келіспейді.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жыңғылдың майдай жанар томаршасы, Жақсы ғой қыз үйінің оңашасы. Кез болдық сәті түсіп осы тойда, Айтыс қой тойдың ең бір тамашасы.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтыспай ойын-тойда әнге басып, Бұлығып жастар неге отыр жасып. Қоршаған шаршы топты көргенімде, Әндетпей тұра алмаймын көңілім тасып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қолдасын Шашты әзиз Баба Түкті, Көтерер соңғы түйе ауыр жүкті. Өрнектеп өнегелі өлеңіңді айт, Тұсыңа құрбың келіп тізе бүкті.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тау барсаң қарағайдың ал сағызын, Өрмектің болса жақсы арқауы ұзын. Қанеки, қонақ кәде енді сізден, Ауылдың біздер айттық алты ауызын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ақсуды біздің ауыл жайлап отыр, Жағалай бәрі бие байлап отыр. Айтыстан қашқақтаған жасты көріп, «Әттең» деп зығырданым қайнап отыр.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Кез болдым жақсылардың кеңесіне, Тіл мен жақ, күш салайын өңешіме. Толғанып бір-екі ауыз ән салайын, Қалдырмай қарыз етіп келесіге.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қара өлеңге келгенде дүрдей-ақпын, Құдай ажал бермесе, жүргей-ақпын. Жалайырда озса, озар Қабан ақын, Одан басқа ақынмен бірдей-ақпын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дегенге ақпан-сақпан, ақпан-сақпан, Сақпанды зымыратар ебін тапқан. Болсаң да қара өлеңнің қара тілі, Аптықпа, түсірермін құрып қақпан.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қаңқылдап ұштың қайда, қоңыр қазым, Өмірдің кім біледі көбін-азын. Үлкендер өлең айт деп бұйырғанда, Азырақ майпаңдасын өнерпазың.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ашылар өлең десе көңіл кілті, Жеткізбес күдір жерде қашқан түлкі. Отырмай бекер қарап ән салайық, Тамаша болсын қызық ойын-күлкі.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Алтайдың суы тұнық, тауы биік, Ойнаған бауырында марал-киік. Өлеңді айт дегенде айтпай қалай, Үлкеннің отырамыз көңілін қиып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Алтайдың аулым қонған адырына, Жылқымды айдап салдым балдырына. Өлеңді ақындықпен біз айтпаймыз, Айтамыз үлкендердің қадырына.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді айтқан жақсы ән келгенде, Шақырар тауық-қораз таң келгенде. Жел сөзді Құдай берген неге аяйын, Алдыма айтар кісі дәл келгенде.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңді кім айтпайды, әнші болса, Сұлуды кім алмайды, мал шығарса. Армансыз бұл жалғаннан өтер едім, Ал деген сүйгеніңді заң шығарса.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұстағаным қолыма алтын құрық, Ақ сұңқарды ұшырдым талпындырып. Бас қосқанда өлеңді біз айтайық, Бұрынғы ата-бабаның салтын құрып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Үсті-үстіне өлеңді үстеуші едім, Тоят алмай тұғырдан түспеуші едім. Теңбіл көктің баласы затым тұлпар, Су тұнығын таңдамай ішпеуші едім.

Genre: Қара өлең
Previous Page 89 of 221 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment