Kazakh
Түлкі мен әтештің сырлары
Бір түлкі таң алдында тамақ іздеп жортып келе жатып, ағаш басында бұғып отырған әтешті көріп, жақындап келіп:
—Ой, достым, намаз уақыты болды, түспейсің бе? Жамағат болып намаз оқиық,—дейді. Әтеш:
—Жарайды, түсейін, ана имамды оята ғой, ағаш түбінде ұйықтап жатыр,—дегенде, түлкі итті көре сала жалт бұрылып қаша жөнеледі. Әтеш дауыстап:
—Ай, мұның қалай, бізбен бірге намаз оқысуға қарамай кетіп барасың,—деп шақырады. Сонда түлкі жауап қайырады:
—Дәретім сынып кетті, сабыр ете тұрыңдар, дәрет жаңалап келейін,—деп тартып отырыпты.