Back to corpus

Аю мен адамның достығы

Бір аю дос болыпты бір адаммен, Жеңіліп бірін-бірі ұнағаннан. «Адам мен аюдайын болмадық» деп, Сыртынан көрген адам қылады арман. Адамның аю құшу-ақ аманына, Ешбір сөз келтірмейді қиялына. «Адамның маңдайына кірген тікен Өзімнің кірсе дейді табаныма». Өштесі осы адамның өштесім деп, Жанымен қағады екен өкпесін кеп. Бет...

Kazakh
Аю мен адамның достығы
Бір аю дос болыпты бір адаммен, Жеңіліп бірін-бірі ұнағаннан. «Адам мен аюдайын болмадық» деп, Сыртынан көрген адам қылады арман. Адамның аю құшу-ақ аманына, Ешбір сөз келтірмейді қиялына. «Адамның маңдайына кірген тікен Өзімнің кірсе дейді табаныма». Өштесі осы адамның өштесім деп, Жанымен қағады екен өкпесін кеп. Бет-аузын желпуішпен желпиді екен, Бетіне шыбын қонып кетпесін деп». Бір күні адам ұйықтап жатыр еді, Қасында аю досы отыр еді. Адамның маңдайына шыбын қонды, Аюға кетті жаман батып енді. Көтеріп адамдай тас алып келді, Шыбынды өлтіруге атып енді. Көтеріп адамдай тас алып қалды, Адамның маңдайынан салып қалды. Сол жерде адам да өлді, шыбын да өлді, Достығы надан достың бекер болды. Ғибрат осы сөзден алмасаңыз, Бұл сөзге жақсы құлақ салмасаңыз. Деген сөз суға кетіп ғарқ боларсың, Дарияға есек мініп жалдасаңыз, Кетуден басың жарып тайынбайды, Адамнан тауып жолдас болмасаңыз.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.