Kazakh
Айдаладан табылған баланың «Қаржас» аталуы (V нұсқа)
Қалмақ пен қазақтың қырқысып жүрген шағында ата-анасынан айырылып, ай далада адасып қалған бір баланы Қарқабаттан туатын бес бала мал қарап жүріп тауып алады. Балаға қызыққан бес жігіт: «Мен аламын, мен аламын!» – деп өзара таласады.
Біріне-бірі көнбей шешесіне келіп төрелеседі. Сонда шешесі балаларына: «Сендер өзара керілдесіп таласпаңдар, шырақтарым! Одан да асыққа тұрыңдар!» – дейді де, бір асықты береді. Ағалары асықтың төрт жағын төртеуі бөліп алады да, омпасы кенже балаға қалады. Сосын біреуі асықты аттың үстінен қаржап-қаржап тастайды. Жерге түскен асық омпасынан түседі. Баланы кіші бала іні етіп алады да, атын «Қаржас» деп қояды.