Kazakh
Қаһарлы Қарқымбай (Жанақ) балалары
Бәйбішеден – Қарқымбай. Жанай – екінші алған қатыннан жалғыз. Екі қатыннан «Екі жалғыз» атанған. Қарқымбайдың қатыны бала көтермей бедірейіп, қалшиып тұрып алыпты. Бір күні Қарқымбай қасында тізелесіп отырған қатынын:
– Сен бала таппайтұғын немені біржолата жоқ қылайын, – деп, пышағымен періп қалғанда, пышақ қатынның қара санынан кіріп, қатын жүрегі қозғалып, талып қалыпты. Оттың басын телегей-теңіз қан қаптап кетіп, үш ай қозғалмай жатып, әйтеуір, өлмей қалып, жазылып түрегеліп, соның артынан итше күшіктеп, тұңғышының атын Күшікбай қойып, онан кейін Ата би, Анай, Айқасқа, Әбіт туыпты.