Қаһарлы Қарқымбай (Жанақ) балалары

Бәйбішеден – Қарқымбай. Жанай – екінші алған қатыннан жалғыз. Екі қатыннан «Екі жалғыз» атанған. Қарқымбайдың қатыны бала көтермей бедірейіп, қалшиып тұрып алыпты. Бір күні Қарқымбай қасында тізелесіп отырған қатынын: – Сен бала таппайтұғын немені біржолата жоқ қылайын, – деп, пышағымен періп қалғанда, пышақ қатынның қ...

Қазақша
Қаһарлы Қарқымбай (Жанақ) балалары
Бәйбішеден – Қарқымбай. Жанай – екінші алған қатыннан жалғыз. Екі қатыннан «Екі жалғыз» атанған. Қарқымбайдың қатыны бала көтермей бедірейіп, қалшиып тұрып алыпты. Бір күні Қарқымбай қасында тізелесіп отырған қатынын: – Сен бала таппайтұғын немені біржолата жоқ қылайын, – деп, пышағымен періп қалғанда, пышақ қатынның қара санынан кіріп, қатын жүрегі қозғалып, талып қалыпты. Оттың басын телегей-теңіз қан қаптап кетіп, үш ай қозғалмай жатып, әйтеуір, өлмей қалып, жазылып түрегеліп, соның артынан итше күшіктеп, тұңғышының атын Күшікбай қойып, онан кейін Ата би, Анай, Айқасқа, Әбіт туыпты.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ
Бұл тілдегі нұсқа жоқ