Kazakh
Теріс таңбалы найман руы (І нұсқа)
«Теріс таңбалы» атамыздың әкесі Сүйініш барлық інілеріне әділ, ел ортасында беделді адам болған екен. Інілерінің кенжелері Көкжарлы, Бура Сүйінішке: «Бәріміздің еншімізді әділ бөлдіңіз, сіздің құрметіңізге келіп жататын сыйлық малы мол, сол үшін малыңызға өзгеше таңба салыңыз. Бізде мал таусылса, сізден ала береміз ғой! – деген екен. Содан Сүйініш жылқыларына теріс таңба салады. «Теріс таңбалы Найман» деген атау осыдан шыққан деседі.