Kazakh
Қарабақ-Уақ әулеті туралы
Бірде жолаушылап келе жатып Бармақ қалмақтардың қолына түсіпті. «Өлтіру керек!» – деп ұрандайды қалмақтар. Қалмақ ханы жөн сұрайды. «Мен жауласуға шыққан жоқпын. Жолаушымын, қаруым да жоқ», – дейді Бармақ. Оны танығандар: «Бұның бізге істемегені бар ма, жоқ қылу керек!» – деседі.
Сонда Бармақ:
– Әй, мен сендерге жалынбаймын. Өлтіріңдер! – дейді.
Хан:
– Неше ағайындысың? – дегенде:
– Бес ағайындымын. Жәнібек, Жәуке, Есет, Сәрке – бесеуіміз, – дейді.
– А, бұны құртқанмен, аналар бізді тыныш қоймас, сыйын беріп қайтарыңдар, – деп Бармаққа бостандық беріпті.
Оған сол жолы қалмақтар берген қыздан қазіргі Қарабақ Уақәулеті тарапты.