Алдасай ауылының өспеуі жайлы

Жомарт батыр жаугершілікте көз жұмады. Ата-салт бойынша «жесір ерден кетсе де елден кетпек емес, аға өлсе – іні мұра», ел ақсақалдарының ұйғарымы бойынша қайнысы Алдасайға некеленді. Алдасай – өзіне бөлген еншілі малының жайына бас ауыртқаннан гөрі мергендік пен саятшылыққа құмар, мінезі шапшаң, еркіндеу жүріп-тұратын...

Kazakh
Алдасай ауылының өспеуі жайлы
Жомарт батыр жаугершілікте көз жұмады. Ата-салт бойынша «жесір ерден кетсе де елден кетпек емес, аға өлсе – іні мұра», ел ақсақалдарының ұйғарымы бойынша қайнысы Алдасайға некеленді. Алдасай – өзіне бөлген еншілі малының жайына бас ауыртқаннан гөрі мергендік пен саятшылыққа құмар, мінезі шапшаң, еркіндеу жүріп-тұратын адам. Бірде аң аулап келсе, жеңгелей алған әйелі Ақсұқсыр ақ балтырын көсіле көрсетіп, жарқырап ұршық иіріп отыр. – Пай, пай, балтырың қандай аппақ! – Бұл балтырға талайлар қызыққан… Ақсұқсырдың бұл сөзі өр мінезді жігіттің жүрегін шоқтай күйдірді. – Адал деп тамсанғаным, талайлар дәмін татып көрген шалап па еді, талақ-талақ! Тулап үйінен шыға жөнелген Алдасай райынан қайтпады. «Айттым – бітті, кестім – үзілді» деді. Алғашқы қосағынан өлідей, кейінгі қосағынан тірідей айырылып, жазықсыз жәбірленген Ақсұқсыр, жаны күйіп қарғанған екен дейді: «Алдасай, ауылыңда жүз жігітің болмасын, Жүзге жеткізем десең де, толмасын!» Қасиетті әйелдің наласына қалды ма, қаралай күйген қарғыстың зарпы ма, Алдасай ауылы өспеген ауыл дейді айтқыштар.
English
This language variant is not available
This language variant is not available