Жаманақтың «Шекті» аталуы (ІІ нұсқа)

Әлім атамыз малы көп бай болыпты дейді. Қаратау мен Ұлытау ортасында, Айыртау маңындағы жайлауда отырған екен. Бір күні Әлім атамыз үш баласын – Жаманақ, Қарамашақ, Ұланақты шақырып жинап алып: «Кәне, мініп жүрген аттарыңа әрқайсыларың өз таңбаларыңды басыңдар, кейін осы таңбаны өздеріңе тиісті малдарыңа, жылқыларыңа б...

Kazakh
Жаманақтың «Шекті» аталуы (ІІ нұсқа)
Әлім атамыз малы көп бай болыпты дейді. Қаратау мен Ұлытау ортасында, Айыртау маңындағы жайлауда отырған екен. Бір күні Әлім атамыз үш баласын – Жаманақ, Қарамашақ, Ұланақты шақырып жинап алып: «Кәне, мініп жүрген аттарыңа әрқайсыларың өз таңбаларыңды басыңдар, кейін осы таңбаны өздеріңе тиісті малдарыңа, жылқыларыңа басыңдар!» – депті. Сонда Әлімнің үлкен ұлы Жаманақ атының екі танауын тіліп, атының сауырына қос шек таңба салыпты. Мұны көріп тұрған Әлім: «Балам, Сауырлы ел боларсың», – деген екен дейді. Сөйтіп, кейін Жаманақ барлық малдарына осы «Шек» таңбасын салғызыпты. Далада жайылымда жайылып жүрген көп малдың «Шек» таңбасын көріп, басқа жұрттар: «Мына жатқан «Шек» таңбалы малдар Жаманақ ағамыздың малы, ағаның малына тимеңдер!» – деп айтып жүріпті. Міне, осыдан Шек – Шекті атауы елге таралып, Жаманақтың ұрпақтары кейін «Шекті елі» деп аталып кетіпті.
English
This language variant is not available
This language variant is not available