Kazakh
Түйтеұлы Андағұл (Көнсадақ)
Андағұл батыр болған, ал Сары інісі бай болған екен дейді. Жоңғарлармен соғыста Андағұл да Көкшоқай атқа мініп, көнмен қаптаған садағын асынып, жауға аттаныпты. Жауға шабуылға шығар алдында: «Мына бала кім?» – деп сұрағанда: «Көкшоқай атты шапқанда көрерсің, Көнсадақты тартқанда көрерсің кім екенімді», – деп жауап беріпті. Сонымен сол соғыста ол қалмақтарды қырып-жойып, бетін қайтарып, қуып тастап, көзге көрінген екен. Ол осы тұстан бастап «Көнсадақ батыр» атанып кетіп, ал онан тараған ұрпақтар «Көнсадақ» руы атанып қалған дейді.