Түйтеұлы Андағұл (Көнсадақ)

Андағұл батыр болған, ал Сары інісі бай болған екен дейді. Жоңғарлармен соғыста Андағұл да Көкшоқай атқа мініп, көнмен қаптаған садағын асынып, жауға аттаныпты. Жауға шабуылға шығар алдында: «Мына бала кім?» – деп сұрағанда: «Көкшоқай атты шапқанда көрерсің, Көнсадақты тартқанда көрерсің кім екенімді», – деп жауап бері...

Қазақша
Түйтеұлы Андағұл (Көнсадақ)
Андағұл батыр болған, ал Сары інісі бай болған екен дейді. Жоңғарлармен соғыста Андағұл да Көкшоқай атқа мініп, көнмен қаптаған садағын асынып, жауға аттаныпты. Жауға шабуылға шығар алдында: «Мына бала кім?» – деп сұрағанда: «Көкшоқай атты шапқанда көрерсің, Көнсадақты тартқанда көрерсің кім екенімді», – деп жауап беріпті. Сонымен сол соғыста ол қалмақтарды қырып-жойып, бетін қайтарып, қуып тастап, көзге көрінген екен. Ол осы тұстан бастап «Көнсадақ батыр» атанып кетіп, ал онан тараған ұрпақтар «Көнсадақ» руы атанып қалған дейді.
Ағылшын
Tuyteuly Andagul (Konsadaq)
Aндaғұл was a hero, while his brother Sary was said to be wealthy. In the war against the Dzungars, Aндaғұл mounted his horse Kökshoqai, armed with his quiver full of arrows, and set off to battle. Before charging the enemy, when asked, "Who is this boy?" he replied, "You will see who I am when I ride Kökshoqai, and you will know when I draw my bow." Thus, in that battle, he slaughtered the Kalmyks, turned them back, and drove them away, making a significant impact. From that point on, he became known as "Könsadaq Batyr," and his descendants came to be called the "Könsadaq" clan.