Өнерлі жігіт

Фараби бір күні базарға барса, өңі келісті, жарқын жүзді бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетіп отырады. Оны қоршап алып тамаша көргендер әр түрлі сөздер айтып, тиын-тебен тастап өтіп жатады. Сонда Әбу Насыр оған жақындап барып: – Күніне қанша табасың? – дейді. – Екі дирхемге жетер-жетпес. – Онда сен...

Kazakh
Өнерлі жігіт
Фараби бір күні базарға барса, өңі келісті, жарқын жүзді бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетіп отырады. Оны қоршап алып тамаша көргендер әр түрлі сөздер айтып, тиын-тебен тастап өтіп жатады. Сонда Әбу Насыр оған жақындап барып: – Күніне қанша табасың? – дейді. – Екі дирхемге жетер-жетпес. – Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп кетеді. Бұл гәпті естіген саудагер мен делдалдар: – Мына диуана дәруіштің дені сау ма? Жетімді есіркей қалыпты ғой, өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем өз жанынан төлегені несі, – деп күледі. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.
English
Talented young man
One day, Farabi went to the market and saw a handsome, bright-faced young man pulling nails with his teeth and performing various tricks. A crowd gathered around him, marveling at the spectacle, and people were throwing coins as they passed by. Then Abu Nasir approached him and said: – How much do you earn in a day? – Just about two dirhams. – Then you should give up this art. Follow me, and I will teach you, and I will give you four dirhams a day, – and he took him along. Upon hearing this, the merchants and brokers laughed and said: – Is this crazy dervish in his right mind? He must be feeling sorry for the orphan; what’s with him teaching and paying four dirhams out of his own pocket? Later, it is said that the boy became a great scholar.