Back to corpus

Төрт түлік малдың кеңесі

Қой, сиыр, жылқы, түйе төртеуі бір күні жайылып отырып кеңеседі. «Қайсымыз қандай жерге, қандай кісіге бітсек, жақсы болар еді?» – деген сөзді айтысады-мыс. Сонда сиыр айтыпты: «Қалың қорық – нуға бітем, қоры үзілген қуға бітем». Қой: «Күнгейлі қаратасқа бітем, жүн жеп, жабағы тышқан насқа бітем». Жылқы: «Бетегелі белг...

Kazakh
Төрт түлік малдың кеңесі
Қой, сиыр, жылқы, түйе төртеуі бір күні жайылып отырып кеңеседі. «Қайсымыз қандай жерге, қандай кісіге бітсек, жақсы болар еді?» – деген сөзді айтысады-мыс. Сонда сиыр айтыпты: «Қалың қорық – нуға бітем, қоры үзілген қуға бітем». Қой: «Күнгейлі қаратасқа бітем, жүн жеп, жабағы тышқан насқа бітем». Жылқы: «Бетегелі белге бітем, найза ұстаған ерге бітем». Түйе: «Жалмаң құлақты сорға бітем, ел ішіндегі зорға бітем».
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.