Жиреншенің ханның уәзірі болғаны

Жиренше бір ханға уәзір болыпты. Хан Жиреншенің әйеліне қызығып, сөз салыпты. Әйел: – Айтқаныңызды орындар едім, Жиренше ауылда ғой, – депті. Хан жақсы екі ат беріп, Жиреншені жұмсапты. Әйелі Жиреншені жөнелтіпті де: – Күн батып, қараңғы болған соң адамға көрінбей, атыңды аулаққа тастап жаяу кел, – депті. Хан Жиренше к...

Kazakh
Жиреншенің ханның уәзірі болғаны
Жиренше бір ханға уәзір болыпты. Хан Жиреншенің әйеліне қызығып, сөз салыпты. Әйел: – Айтқаныңызды орындар едім, Жиренше ауылда ғой, – депті. Хан жақсы екі ат беріп, Жиреншені жұмсапты. Әйелі Жиреншені жөнелтіпті де: – Күн батып, қараңғы болған соң адамға көрінбей, атыңды аулаққа тастап жаяу кел, – депті. Хан Жиренше кеткеннен кейін әйелді кеңсесіне шақырып сөйлесіпті. Ханға: – Жұрт жатысымен келерсіз, – депті. Күн батқан соң Жиренше қайтып келіпті. Әйел бір үлкен сандыққа жатқызып, өзі іс тігіп отырыпты. Айтқан уақытта хан келіпті. Әйел: – Сіз мені қинайын деп отырсыз ғой, бірақ мені жақсы көрмейсіз ғой, – депті. Хан: – Сізді қатты жақсы көрем, – депті. – Рас болса, менің ышқыр бауымды тісіңізбен шешіңізші, – депті. Хан: – Жарайды, – деп, әйел жатқанда ышқырбауды тістеп жатқанда бір көрші әйел кіріп келіпті. Хан ақырыпты: – Түнде неғып жүрсің? – деп. Әйел: – Отқа келіп едім, – депті. Сонда Жиренше сандықта жатып ақырыпты: – Неғылған тентек қатынсың. Осы үйде от болса, әйелдің астын шикілеп жей ме? – дегенде, хан есікке қарай атылыпты.
English
Jiren's role as the king's minister.
Jirenche was a minister to a khan. The khan became infatuated with Jirenche's wife and sent her a proposal. The wife replied, – I would fulfill your request, but Jirenche is in the village. – The khan gave two fine horses and sent Jirenche. His wife then sent him off, saying, – Wait until it gets dark so that you won't be seen, leave your horse far away and come back on foot. – After Jirenche left, the khan called the wife to his office to talk. The khan said to her, – You will come to me when everyone is asleep. – After sunset, Jirenche returned. The wife laid him down in a large chest and sat down to sew. At the appointed time, the khan arrived. The wife said, – You are trying to torment me, but you don't truly love me. – The khan replied, – I love you very much. – – If that's true, please untie my waistband with your teeth, – she said. The khan agreed and while the wife was lying down, as he was biting the waistband, a neighboring woman entered. The khan shouted, – What are you doing here at night? – The woman replied, – I came to the fire. – Then Jirenche, lying in the chest, shouted, – What a foolish woman you are! If there is a fire in this house, does a woman eat the food raw? – At that moment, the khan dashed towards the door.