Шора батыр

Тама Нәрік байдың бәйбішесінің аты – Гүлқаныс, Шора батырдың шешесі. Нәрік байға Қыдырдың алты қой баққан ақсақал шал болып сөйлескені: – Қаратаудың қарсысында бір үлкен бәйтерек бар. Сол бәйтеректің жанында бір түп ақ шеңгел бар. Нақ сол ақ шеңгел – Бабай Түкті Шашты Әзіздің моласы. Соған түнесеңдер, Құдай перзент бер...

Kazakh
Шора батыр
Тама Нәрік байдың бәйбішесінің аты – Гүлқаныс, Шора батырдың шешесі. Нәрік байға Қыдырдың алты қой баққан ақсақал шал болып сөйлескені: – Қаратаудың қарсысында бір үлкен бәйтерек бар. Сол бәйтеректің жанында бір түп ақ шеңгел бар. Нақ сол ақ шеңгел – Бабай Түкті Шашты Әзіздің моласы. Соған түнесеңдер, Құдай перзент береді! – дейді. Бұлар жалғыз тоқтысын сойып, әулиеге түнеген. Аш қалғанда, бір бидайық келіп бір топ аққу мен қазды қырып, Құдай бұларға қорек қылған. ...пар атынды хабарға жіберді. Қырық қашырға асыл қазына артып, бір қаршыға тілләні артып, ортасына бір қап, оған ат басындай алтын салып, мұны құндаса, ... алдына тастатқан. «Оған айналмай, маған келсе, әуелі өзіне ысқырып атса, киікке обал жоқ деген», – деп. Қараханның әкесі Темір ханды Әліби у беріп өлтірген екен. Тасыр мерген – Әлібидің інісі. Кәріпбай, Нәрік бай, Есім би үш ағайынды екен. Анасбай той қылып, ел шақырғанда, шұбар дөненді Тасан мырза сұраған. 144. [Шора батыр] Қалмақтың ханы Қараман қырық мың әскер алып, өзбектің шаһарын шабуға кеткен екен, Қайнекей, Тінекей деген екі қарындасын: «Елге ие болыңдар» деп. Қараманның Бозтұлпар деген тұлпары жылқыдан жалғыз шығып, ойнақтап шаһарға келіпті. Соны Қайнекей, Тінекей көре сала: – Япырмау, бұл не сұмдық? Біздің жылқыға жау қарасы көрінген екен. Бізге батып беттеп жан келе алмаса керек еді. «Аққала деген жерден, Тама деген елден Шора батыр деген ер туды» деп еді. Дәу де болса сол шығар, – деген. Ауызды жиғанша, қалаға шу толып кетті. Үш күн ұдайы талан-таражы қылып, қырғын басылып, Қайнекейді Есім би алып, Тінекейді Тасан мырза алып, Қараман ханның қызын Шора батырдың қойнына салып, Шораны таққа отырғызып, хан көтерді. Сөйтіп, арада бір ай өткеннен кейін баяғы Өзбектің қаласын талауға кеткен Қараман өзбектерді жеңіп, қыламын деп барғанының бәрін түгел қылып, өзбектің қыздарын әскерлерінің басшыларына алып беріп, еркектерін құл қылып алып қайтып қаласына келсе, тамалардың әскері өз елін сондай қылып тұрғанының тұсында Қараман Шораға елші жіберді: – Менің боз тұлпарымды беріп жіберсін, өзі жекпе-жекке маған шықсын! Жаман-жасықтардың жанын түкке тұрмайтын қанын шығынға шықпайық, шығармайық. Ел үшін Есім би, Тасан онда да бар шығар, осында да бар шығар, бірақ Шора мен Қараман жоқ шығар, – депті. Шора Қараманның ол сөзін мақұл көріп, қол бастап, сахара майдан далаға шықты. Қараман мен Шора жекпе-жекке шықты. Шора Қараманды жықты, алқымынан сықты.
English
Shora Batyr
Tama Narik's first wife's name is Gulqanis, the mother of Shora Batyr. Narik spoke with an old man who had six sheep tended by Qydyr: – There is a large tree across the Karatau. Next to that tree, there is a white tamarisk. That white tamarisk is the grave of Babai Tükti Shashti Azizi. If you spend the night there, God will grant you a child! – he said. They slaughtered their only lamb and spent the night at the holy place. When they were hungry, a wheat stalk came and killed a group of swans and geese, which God provided for them as sustenance. ... they sent a horse to deliver the news. Loading forty horses with precious treasures, one falcon carrying a talon, in the middle a sack filled with gold as heavy as a horse's head, they placed it before him. "If it doesn't turn around and comes to me, if it first whistles at itself, there is no shame for the gazelle," – he said. Karakhan's father, Temir Khan, was poisoned and killed by Alibi. Tasyr the hunter is Alibi's brother. Karipbay, Narik, and Esim Bi were three brothers. When Anasbay held a feast and invited the people, Mr. Tasan asked for the speckled colt. 144. [Shora Batyr] The Khan of the Kalmyks, Karaman, took forty thousand troops and went to raid the Uzbek city, leaving his two sisters, Kainikey and Tinekey, saying: "Take care of the people." Karaman's horse, named Boztulpar, came out alone from the herd and pranced towards the city. As soon as Kainikey and Tinekey saw it: – What a horror! It seems that an enemy has appeared in our horses. It shouldn't have been able to approach us like this. "From a place called Akkala, from a land called Tama, a hero named Shora Batyr was born," they said. Surely that must be him, – they said. Before they could close their mouths, the city was filled with noise. For three days, they plundered continuously, and after the slaughter subsided, Kainikey was taken by Esim Bi, Tinekey was taken by Mr. Tasan, and Karaman's daughter was placed in Shora Batyr's embrace, and Shora was seated on the throne, crowned as Khan. Thus, after a month had passed, Karaman, who had gone to plunder the Uzbek city, defeated the Uzbeks and brought back all he had taken, giving the Uzbek girls to the leaders of his troops and taking the men as slaves. When he returned to his city, the Tama army was doing the same to their land, at that time Karaman sent an envoy to Shora: – Let him send my gray horse, and he should come out to me for a duel! Let us not waste the lives of the worthless and insignificant. For the sake of the people, Esim Bi and Tasan may be there, but Shora and Karaman may not be there, – he said. Shora saw Karaman's words as acceptable, took command, and went out to the battlefield. Karaman and Shora faced off in a duel. Shora defeated Karaman, squeezing him by the throat.