Қазақша
Шора батыр
Тама Нәрік байдың бәйбішесінің аты – Гүлқаныс, Шора батырдың шешесі. Нәрік байға Қыдырдың алты қой баққан ақсақал шал болып сөйлескені:
– Қаратаудың қарсысында бір үлкен бәйтерек бар. Сол бәйтеректің жанында бір түп ақ шеңгел бар. Нақ сол ақ шеңгел – Бабай Түкті Шашты Әзіздің моласы. Соған түнесеңдер, Құдай перзент береді! – дейді.
Бұлар жалғыз тоқтысын сойып, әулиеге түнеген. Аш қалғанда, бір бидайық келіп бір топ аққу мен қазды қырып, Құдай бұларға қорек қылған. ...пар атынды хабарға жіберді. Қырық қашырға асыл қазына артып, бір қаршыға тілләні артып, ортасына бір қап, оған ат басындай алтын салып, мұны құндаса, ... алдына тастатқан. «Оған айналмай, маған келсе, әуелі өзіне ысқырып атса, киікке обал жоқ деген», – деп.
Қараханның әкесі Темір ханды Әліби у беріп өлтірген екен. Тасыр мерген – Әлібидің інісі.
Кәріпбай, Нәрік бай, Есім би үш ағайынды екен. Анасбай той қылып, ел шақырғанда, шұбар дөненді Тасан мырза сұраған.
144. [Шора батыр]
Қалмақтың ханы Қараман қырық мың әскер алып, өзбектің шаһарын шабуға кеткен екен, Қайнекей, Тінекей деген екі қарындасын: «Елге ие болыңдар» деп. Қараманның Бозтұлпар деген тұлпары жылқыдан жалғыз шығып, ойнақтап шаһарға келіпті. Соны Қайнекей, Тінекей көре сала:
– Япырмау, бұл не сұмдық? Біздің жылқыға жау қарасы көрінген екен. Бізге батып беттеп жан келе алмаса керек еді. «Аққала деген жерден, Тама деген елден Шора батыр деген ер туды» деп еді. Дәу де болса сол шығар, – деген.
Ауызды жиғанша, қалаға шу толып кетті. Үш күн ұдайы талан-таражы қылып, қырғын басылып, Қайнекейді Есім би алып, Тінекейді Тасан мырза алып, Қараман ханның қызын Шора батырдың қойнына салып, Шораны таққа отырғызып, хан көтерді. Сөйтіп, арада бір ай өткеннен кейін баяғы Өзбектің қаласын талауға кеткен Қараман өзбектерді жеңіп, қыламын деп барғанының бәрін түгел қылып, өзбектің қыздарын әскерлерінің басшыларына алып беріп, еркектерін құл қылып алып қайтып қаласына келсе, тамалардың әскері өз елін сондай қылып тұрғанының тұсында Қараман Шораға елші жіберді:
– Менің боз тұлпарымды беріп жіберсін, өзі жекпе-жекке маған шықсын! Жаман-жасықтардың жанын түкке тұрмайтын қанын шығынға шықпайық, шығармайық. Ел үшін Есім би, Тасан онда да бар шығар, осында да бар шығар, бірақ Шора мен Қараман жоқ шығар, – депті.
Шора Қараманның ол сөзін мақұл көріп, қол бастап, сахара майдан далаға шықты. Қараман мен Шора жекпе-жекке шықты. Шора Қараманды жықты, алқымынан сықты.