Back to corpus

Сұраубайдың өтірігі

Сұраубай деген адам Жайлаубай байдың үйіне сасып, кіріп келіп: —Ойбай, малдарыңа сақ болыңдар, жаңа жолда отыз қасқыр кетіп барады,—депті. Бай абыржып, малға кісі жіберіпті. —Ей, Сұраубай, жаным, анық айтшы қорқытпай, тіпті, отыз қасқыр сұмдық қой, мал түгіл адамды да жер,—деген. Сұраубай: —Бай-еке, шынымды айтайын, кө...

Kazakh
Сұраубайдың өтірігі
Сұраубай деген адам Жайлаубай байдың үйіне сасып, кіріп келіп: —Ойбай, малдарыңа сақ болыңдар, жаңа жолда отыз қасқыр кетіп барады,—депті. Бай абыржып, малға кісі жіберіпті. —Ей, Сұраубай, жаным, анық айтшы қорқытпай, тіпті, отыз қасқыр сұмдық қой, мал түгіл адамды да жер,—деген. Сұраубай: —Бай-еке, шынымды айтайын, көргенім—оны артық айтып едім, анығы, жиырма қасқыр еді,—депті. Бай мұның да артықтау, тағы кесші деген сайын оннан, бестен кеміте келіп, «Атан түйедей бір қасқыр еді»,—депті. Бай: «Тіпті, қасқыр көргенің өтірік»,—дегенде, «Енді бар шыным—тайлақ түйенің табанындай бір қасқырды көзіммен көрдім,—депті.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.