Үш бидің әулиелігі

Бірде Қабылиса, Ескелді, Балпық үшеуі келе жатып, Ескелді Қабылисадан: – Мен өлгенде қай жерге қойыламын? – дейді. Қабылиса: – Сіз Үштөбе маңындағы Қызылжарға қойыласыз, – дейді. – Балпық ше? – Мұның жасы сенен кіші ғой, сенен сәл төменірек батысқа таман қойылар, – дейді. – Өзіңіз ше? – Мен Іле бойындағы Үшарал, Көкбас...

Kazakh
Үш бидің әулиелігі
Бірде Қабылиса, Ескелді, Балпық үшеуі келе жатып, Ескелді Қабылисадан: – Мен өлгенде қай жерге қойыламын? – дейді. Қабылиса: – Сіз Үштөбе маңындағы Қызылжарға қойыласыз, – дейді. – Балпық ше? – Мұның жасы сенен кіші ғой, сенен сәл төменірек батысқа таман қойылар, – дейді. – Өзіңіз ше? – Мен Іле бойындағы Үшарал, Көкбастау жеріне қойылармын, – дейді. Ендігі жауапты Қабылиса алмақ болып, Айнабұлаққа жеткенде: – Апыр-ай, мына жердің у-шуы-ай! Бұл қалай? – дейді Ескелдіге бұрылып. Ескелді: – Бұл жерге жол түсіп, қала орнайды екен. Ант көп болады екен. Ерден әйел көбейіп, қырғынға ұшырайды екен, – дейді. Дүнгенге келгенде Қабылиса Балпыққа қарап: – Апыр-ай, мына жерден өкіргендей дауыс шығады ғой, бұл не? – дейді. – Бұл жерге де қала түсіп, халық көбейіп, біртүрлі өнер шығып, елді айқайымен оятады екен, – дейді Балпық.
English
The Sanctity of the Three Bids
Once, while Kabylisa, Eskeldi, and Balpyk were walking, Eskeldi asked Kabylisa: – Where will I be buried when I die? Kabylisa replied: – You will be buried in Kyzylzhar near Uyshtobe. – What about Balpyk? – He is younger than you, he will be buried a little lower to the west, – he said. – What about yourself? – I will be buried in Usharal, Kökbastau by the Ili River, – he said. When they reached Ayna Bulak, Kabylisa wanted to ask the next question: – Wow, the noise here is something! What is this? – he turned to Eskeldi. Eskeldi replied: – A road will come here, and a city will be established. There will be many oaths. The number of women will increase, and there will be a massacre, – he said. When they arrived at Dungens, Kabylisa looked at Balpyk and said: – Wow, there is a sound here like a roar, what is this? – he asked. – A city will also come here, the population will increase, and some strange art will emerge, waking the people with its noise, – Balpyk replied.