Back to corpus

Қожаның айды аспанға шығаруы

Бір күні түнде Қожа шөлдейді. Құдықтан су алып, ішпек болады. Құдыққа қауға салады. Қауғасы құдықтың шегіне ілініп қалады. Әрі-бері тартып, шығара алмайды. Сонан кейін Қожа: —Бұған не болды екен?—деп, еңкейіп, құдықтың түбіне үңіледі. Онда айдың сәулесін көреді. Сонан соң: —Е, қауғам, Айға ілініп қалған екен ғой,—деп о...

Kazakh
Қожаның айды аспанға шығаруы
Бір күні түнде Қожа шөлдейді. Құдықтан су алып, ішпек болады. Құдыққа қауға салады. Қауғасы құдықтың шегіне ілініп қалады. Әрі-бері тартып, шығара алмайды. Сонан кейін Қожа: —Бұған не болды екен?—деп, еңкейіп, құдықтың түбіне үңіледі. Онда айдың сәулесін көреді. Сонан соң: —Е, қауғам, Айға ілініп қалған екен ғой,—деп ойлайды. Сөйтеді де, құдықтың шеңберіне табанын тіреп, қауғаны бар пәрменімен тартып қалады. Қауғасы кілт шығып кетеді. Қожа шалқасынан құлайды. Құлап жатып, Қожа аспанда тұрған Айды көреді. Сонда ол: —Уһ, не болсын, ол болсын, әйтеуір, Айды аспанға бір шығардым-ау,—дейді.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.