Kazakh
Төрт түлік малдың төркіні
Түйе сордан шығыпты. Сондықтан сорлы, тұзды өсімдіктерді көп жеп, сортаңды жерді мекендейді екен.
Жылқы желден шығыпты. Сондықтан жүрдек жел сияқты болыпты.
Сиыр судан шығыпты. Себебі суды көрген сайын ішеді екен.
Қой Меккеден шығыпты. Себебі момын, жуас, қасиетті мал болыпты.
Ешкі тастан шығыпты. Қия бетке, таулы жерге жайылып, тастың үстіне жатады екен.