Back to corpus

Түлкі мен қырғауыл

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп: – Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халың қалай? – дейді. Қырғауыл: – Жақсы, өзің қалай тұрсың? – дейді. Түлкі: – Жерге түсіп сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді. Қырғауыл: – Жерге түсуге қорқамын, жерде...

ATU 62 ATU СУС62
Kazakh
Түлкі мен қырғауыл
Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп: – Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халың қалай? – дейді. Қырғауыл: – Жақсы, өзің қалай тұрсың? – дейді. Түлкі: – Жерге түсіп сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді. Қырғауыл: – Жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді. Түлкі: – Әй, достым, биылғы заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді. Қырғауыл: – Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, естісін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Қырғауыл: – Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді. Түлкі: – Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.