Back to corpus

Түлкінің қайрауы

Бір қасқыр жортып келе жатса, алдынан бір елік шығып, қасқыр соңынан қуып келе жатқанда бір орға кез келіп, елік аттап өтіп кетіпті. Қасқыр орғи алмай қалыпты. Сөйтіп тұрғанда қасқырдың досы қу түлкі жолығып, «Не қылып тұрсың?» – депті. Қасқыр: «Бір елік қуып осы орға келгенімде ол қарғып мен өте алмай тұрып қалып тұрм...

Kazakh
Түлкінің қайрауы
Бір қасқыр жортып келе жатса, алдынан бір елік шығып, қасқыр соңынан қуып келе жатқанда бір орға кез келіп, елік аттап өтіп кетіпті. Қасқыр орғи алмай қалыпты. Сөйтіп тұрғанда қасқырдың досы қу түлкі жолығып, «Не қылып тұрсың?» – депті. Қасқыр: «Бір елік қуып осы орға келгенімде ол қарғып мен өте алмай тұрып қалып тұрмын», – дейді. Сонда түлкі: – Өзіңіз арыстандай басыңызбен бұты сидиған елік құрлы аттай алмағаныңыз лайық па? – десе, қасқыр қорланып, ыза болып аттаймын деп, белі мертігіп өліп, түлкі досына азық болыпты.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.