Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4573 Total records
178,941 Unique word forms (full index)
3838 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4573 records

Қара өлең үлгілері

Сайланар үлкендердің орны төрден, Сұңқылдап аққу ұшар айдын көлден. Жастарға ойын-тойда тұрыс бар ма, Өлеңді қоя бермей келген жерден.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Білмеймін мен өлеңді жүзден артық, Білем деп тағы айтпаймын сізден артық. Тойда өлең айта алмайтын ынжықтардан Үмітті әуел бастан үзген артық.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлең де жоқ, ән де жоқ салмағанға, Армандамын аулыңа бармағанға. Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім, Ойнап-күліп мейірім қанбағанға.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Берейін өлең айтып тыңдасаңыз, Халайық, тыңдай білген, мың жасаңыз. Желсөзбен аруларға айқасайын, Артымнан өсек-аяң қылмасаңыз.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Соғады сөйле десең сөздің желі, Тойларда өлең алар жиып елді. Тойыңды топтан озып біз бастайық, Тойыңыз тойға ұлассын берекелі.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көкке өрлеп бой түзеген бүрлі қайың, Басына бүрлі қайың мен шығайын. Әріптес, тұсыңызға келіп қалдық, Бізбенен айтысуға бар ма жайың?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Кигенім аяғыма жайпақ табан, Баспайды саздау жерді байпақты адам. Көпшілік үміт артып отырғанда, Жарамас өлең айтпай тайсақтаған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Кез болдық осы тойда қиуадан, Болып па өлең айту қиын одан. Жарасып өлең айтып отырайық, Секілді жасыл манат қиюлаған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Кекілі кербестінің тарам-тарам, Келеді сөзге шорқақ кейбір адам. Таң да атып, ел де тарап барады екен, Қара өлең осыменен болсын тамам.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келемін мен ауылдан күн-түн қатып, Тон киіп, ақ құндызбен жұрындатып. Өтініп үлкен-кіші қолқалауда, Айтайық қара өлеңді туындатып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қалқатай, сен де елгезек, мен де елгезек, Қалайық осы тойда тілді безеп. Өлеңді бағанадан мен шырқадым, Ал енді өзіңізге келді кезек.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жол бойы мал қайтқанда шаңырқаған, Әнімді естіген жан таңырқаған. Осындай той-думанда өлең айтып, Көңілді көтерейік жабырқаған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сөздің де көрдік талай кедергісін, Алады қыздар иіп тал кергішін. Өлеңді айт дегенге айта бермей, Сөзіңнің ұстатып кет бір белгісін.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қонғаны ауылымның ластай-ды, Айдынға жүзген кісі құлаштайды. Өлеңді айт дегенде қоя бермей, Отырған бекер қарап ұнаспайды.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қылдан арқан ширығып есіледі, Бесті керім астымда көсіледі. Тойда айтпаған өлеңді қайда айтамыз, Өлеңмен талай түйін шешіледі.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қонғаны ауылымның сібер деймін, Атымды сібер жерге шідерлеймін. Көсілген көмекейі ақын дейді, Өлеңді қара дауыл жібер деймін.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қарасу есік алды үйрек жүзген, Жерім жоқ қалқа сенен үміт үзген. Тықыршып өлең десе тұра алмаймын, Жүйріктей баптап құйрық-жалын сүзген.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қарасу есік алды қамыс екен, Жігітке өлең айтпау намыс екен. Астынан алты қырдың ән шырғасам, Даусымды қалқатайым таныса екен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қарасу есік алды түбі терең, Кез келді нақ әріптес жұбыменен. Құмардан осы жолы бір шығайын, Айтысып қос қалқамен түніменен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бойында қарасудың долана екен, Бұлбұл құс доланаға қона ма екен. Көпшілік өлең айт деп қолқаласа, Осынша бәлсінуге бола ма екен.

Genre: Қара өлең
Previous Page 104 of 229 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment