Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4667 Total records
189,330 Unique word forms (full index)
4102 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4667 records

Қара өлең үлгілері

Қиғаш қас, жазық маңдай, алтын бұрым, Жұқа ерін, оймақ ауыз, пісте мұрын. Керме иық, меруерт тісті, болат кірпік, Осындай болса деп ем қыздың түрін.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мойны ұзын, төмен иек, жауырыны жазық, Оқтаудай қос бұрымы, белі нәзік. Бұрылып қарағанда буынды алса, Таба алмай сондай қызды, жүрмін неғып?!

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұшып жүрген аспанда сен бір ұзақ, Түсе ме деп жолыңа қойдым тұзақ. Ынтызар боп артыңнан қарап қалдым, Тұзағыма түспестен кеттің ұзап.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шіркін-ай, сүйген сәулем, сүйген сәулем, Бір өсіп кішкентайдан жүрген сәулем. Асыр сап алтыбақан ойнағанда, Жымиып әзіл сөзбен, күлген сәулем.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Астымда сұр желгенше беске келген, Қызығы жылқы жиып кеште келген. Сәулем-ау, көңілім қош сүттен аппақ, Сұршамды перде қылып күттім белден.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Не қалды қарағайда, қамыс қалды, Ауылы қалқатайдың алыс қалды. Ауылыңа алыс қалған қараймын деп, Қайырылып қаршығадай мойным талды.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сен еді, сенсең еді, сенсең еді, Шын айтпай, жалған айтсаң, кім сенеді. Жүректі елжіреген ренжітсең, Өн бойым бос ағаштай теңселеді.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тері тон су тиген соң қаудыраған, Етекке таудың тасы саудыраған. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Көзіңнен айналайын жаудыраған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Асуын бұл Қобданың асып келдім, Жайқалтып жапырағын басып келдім. Кез болған қиуада қимас қалқам, Өлеңге атыңды атап қосып келдім.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айт дегенде айтайын әри-айдай, Көп торыдым ауылыңды жарым айдай. Адал ниет, шын көңілің менде болса, Ерітейін ішіңді сары майдай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шалғынды құс қонады айдын көлге, Мен жүрмін ынтық болып бұраң белге. Есіме сен түскенде, беу, қарағым, Көзімнен үйрек жүзер аққан селге.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Хат жазамын қағазға қалам басып, Нұр жүзіңді көргенде болдым ғашық. Сыртым бүтін бұл күнде, ішім жалын, Асыл еді сүйегім кетті жасып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бешпентім бар үстімде тайға алғандай, Қадірім бар сәулеме ойға алғандай. Өз елімде мен жақсы болып жүрсем, Менің сәулем болады бәйге алғандай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жан қалқа, кете көрме серттен тайып, Жүремін сені көрсем көңілім байып. Жас жастың тілегі бір деген сөз бар, Тезірек жауабын бер, болмас айып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қараймын жабығымнан қудай бойлап, Ұйқы жоқ күндіз-түні бір сені ойлап. Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің, Өмірді өткізейік күліп-ойнап.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тұсынан ауылыңның өттім, кеттім, Үкіңді шекеңдегі бермей кеттің. Сол үкі азар болса жүз теңгелік, Көңілімді қалдырып, зар еңіреттің.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шаба алмас арғымақ ат тер қатқан соң, Көрген жер көз жаздырар ай батқан соң. Мәңгілік достық жүрек деуші-ақ едім, Қайтейін көңіл шіркін бір қатқан соң.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сен енді, сенсең еді, сенейінші, Зар илеп ақ боз аттай желейінші. Жеріңді уағдалы айтып қойшы, Кезінде уәделі келейінші.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сен енді, сенсең еді, сенсін десең, Не етеді сәлем деп сен келсін десең. Бар дейді жан қалтаңда жарты мейіз, Не етеді, бүтін беріп жесін десең.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көз алдымда ақ жүзің күлімдейді, Бір өзіңнен басқаға білінбейді. Сен есіме түскенде, ей, қалқатай, Ұзақ таңға көзім бір ілінбейді.

Genre: Қара өлең
Previous Page 133 of 234 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment