Қара өлең үлгілері
Сұрасаң менің атым Қалқатаймын, Болсам да малға кедей, әнге баймын. Өкшесі қара етіктің қарыс сүйем, Болсам да өзім кедей, қыз таңдаймын.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Сұрасаң менің атым Қалқатаймын, Болсам да малға кедей, әнге баймын. Өкшесі қара етіктің қарыс сүйем, Болсам да өзім кедей, қыз таңдаймын.
Берейін әнге салып жамағатқа, Бұл өлең мұра болған азаматқа. Осында үлкен де отыр, кіші де отыр, Көрсем де артық болмас, саламат па?
Қалқатай, етің аппақ қояндайсың, Ән салсам, үй сыртынан оянбайсың. Бірге өскен кішкентайдан замандасым, Дәм тартып әлдекімге баяндайсың.
Су ағады арықтан шыр айналып, Өлмегенге мал бітер бір айналып. Оралыңның барында ойна да күл, Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айналып.
Бұл тойды кім бастайды—қыздар бастар, Аяғын жүйрік аттай көсіп тастар. Құдалар той жасаған мырза болса, Бас-басына әншінің шапан тастар.
Той емес, тойдың аты—той топырақ, Өседі қия жерге жау жапырақ. Мырза болса құдағи, той жасасын, Шүберек бере көрме бір жапырақ.
Дүние ойлап тұрсам жалған екен, Күлмеген, ойнамаған арман екен. Аққумен аспандағы ән қосушы ем, Дауысым әнге келмей қалған екен.
Тай құлаша, дегенде, тай құлаша, Суда балық өлмей ме жар құласа. Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Есен-аман жүрмісің, ай, құдаша?
Айт десеңіз айтайын айдай он бес, Асауынан үйреткен тайдай он бес. Тіршіліктің барында ойна да күл, Қайта айналып оралмас қайран он бес.
Бұл үйде құралай көз, қиғаш қастар, Ай нұрлы, алма мойын, сүмбіл шаштар. Құдайым жақсы күні кездестірді, Бас қосу құтты болсын, замандастар!
Қызды неге бұлай қып жаратасың, Қолаң шашын қайырып таратасың. Асау тайдай алшақтап жүрген басым, Қандай жанның қолына қаратасың.
Көк етігім қонышы тар кие алмаймын, Әкем менен шешемді қия алмаймын. Мен қайтейін ауылдан кетіп барам, Бауырларым жас еді, соны ойлаймын.
Шашырап жайылады ісек-тұсақ, Турасам қойдың еті болады ұсақ. Атасы атамыздың әнші дейді, Болайық біз де өлеңші соларға ұқсап.
Бірің өрік болғанда, бірің алма, Не көрмейді жалғанда тірі пенде. Қартайсаңыз жас жетіп сәні кетер, Жастық шақта, жөн білсең, күліп-ойна.
Жоғарыдан келемін төмендетіп, Құлан қара ат міндім шөмеңдетіп. Құры қарап отырсаң, не шығады, Отырайық одан да өлеңдетіп.
Алтын таудай жер бар ма жайлағанға, Асау мініп, жас құлын байлағанға. Сары майдай балқырсың ояу жатып, Бұлбұл құстай сызылтып сайрағанда.
Қайыңның қар жұқпайды күрегіне, Тартады жақсы нәрсе сүрегіне. Үстіне тамашаның кезім келді, Жеткізсін әр пендені тілегіне.
Ойда да отыр ауылым, қырда да отыр, Қоңыраттар жағалай Сырда да отыр. Тапсаң, тәуір өлеңнің тазасын айт, Үлкен-кіші сөзіңді тыңдап отыр.
Қасың сұлу көрінер көзіңменен, Ерітесің кісіні сөзіңменен. Күнде мұндай кезіміз келе бермес, Айтып өлең кетейін өзіңе мен.
Егін-төгін тағы да, егін-төгін, Майы шығар семіздің тартса түгін. Күнде мұндай қуаныш бола бермес, Айтып өлең кетейін осы бүгін.
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment