Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4702 Total records
192,191 Unique word forms (full index)
4210 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4702 records

Қара өлең үлгілері

Қасың қара қағаздың қаламындай, Болады екен, апырай, бала мұндай. Шешең пері болғанда, әкең арқар, Бір кісіден тумайды адам мұндай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Құба жетер тағы да, құба жетер, Көшкен елдің қадірі қонғанда өтер. Ойнап күлсін жастарым оралында, Мына дәурен басынан әлі-ақ өтер.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұшып жүрген әуеде ұлар ма екен, Атып алсам баласын, жылар ма екен. Ауылы алыс кеткенде, беу, қалқатай, Бізді есіне ап бір сәтке тұрар ма екен!

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қолыма ұстағаным қара сырнай, Басымнан өтіп жалған барасың ба-ай. Көзімнің ағы менен қарасындай, Артымда, жалғыз бауырым, қаласың ба-ай!

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келемін жоғарыдан төмендетіп, Киемін ақ көйлекті көлеңдетіп. Көпшілік құлағыңды бері салғын, Кетейін бес-алты ауыз өлеңдетіп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жаным-ау, көген толсын, көген толсын, Семірткені көкке байлап дөнен болсын. Советтің азаматы аман болып, Абырой мен атағы өлең болсын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жосылайық, тағы да жосылайық, Бозбалаға болмай ма осы лайық. Құры қарап отырып не шығады, Өлең айтып онан да отырайық.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сыры әдемі келеді легеннің, Сөзі әдемі келеді білерменнің. Мен келгенде оң қарап күлімдеп тұр, Сен едің ғой Құдайдан тілегенім.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Той бастайық, ендеше, той бастайық, Жүйрік аттай алдыңда ойқастайық. Сәрсенбінің сәтіне той жасапсыз, Құтты болсын тойыңыз деп бастайық.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мен қайтейін Алатау биігіңді, Мерген болып атпадым киігіңді. Ауылың алыс кеткенде, беу қалқатай, Жалғыз қайтіп тартамын күйігіңді!

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қыздарда да қыздар бар ту қояндай, Діңкемді қыздар құртты түнде оянбай. Оятсам суық қолмен, шоши ма деп, Ояттым орамалмен мен сормаңдай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Белбеуім белімдегі он екі кез, Шетіне әсемдікпен салдырдым жез. Жолымды Құдай менің оңдайды екен, Жанына жақсылардың келіппіз кез.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Екі ауылдың ортасы мидай дала, Дүниеге келіпті бір жас бала. Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз, Туысқанның үйінде шілдехана.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жан қалтама салғаным өрік болсын, Балаңыздың ғұмыры берік болсын. Ағалары алдыңғы аман болып, Едел-жедел артынан серік болсын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Той бастаңдар, әлеумет, той бастаңдар, Той бастаған, әлеумет, көп жасаңдар. Сәтті күні сәрсенбі, той жасапсың, Құтты болсын тойыңыз деп бастаңдар.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тағы да әуел ызғар, әуел ызғар, Жел тұрса терістіктен, бетің мұздар. Бас қосып осындайда кездескенде, Өлеңді бес-алты ауыз айтыңыздар.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айт дегенде өлеңді үстеуші едім, Тоят алмай тұғырдан түспеуші едім. Теңбіл көктің баласы затым тұлпар, Тұнық судан басқаны ішпеуші едім.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Құбажайға салайын ырғатылып, Кескен қайың қалады қиратылып. Тіршілікте, жігіттер, күл де ойна, Өтіп дәурен барады шұбатылып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Құбажайға салайын баяулатып, Мал табады ер жігіт жаяулатып. Алты қырдың астынан ән шырқасам, Дәтің қайтып шыдайды ояу жатып.

Genre: Қара өлең
Previous Page 150 of 236 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment