Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4702 Total records
192,685 Unique word forms (full index)
4220 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4702 records

Қара өлең үлгілері

Әуеде ұшып жүрген ақ сауысқан, Жыл он екі ай болғанда ай ауысқан. Оралыңның барында күл де ойна, Бұл жалғанның қызығын кім тауысқан.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әуеде ұшып жүрген қара қарға, Берейік өлең айтып ағаларға. Бермесек өлең айтып ағаларға, Кетеді бір мін тағып балаларға.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын, айт дегенің әнім саған, Бермейді тұрып орнын танымаған. Кісінің сыйласқандай баласы едік, Өлең айт тәуір, тәуір жаным маған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын, айт дегенің ән баяулы, Жігіттің жарлы болар жаны аяулы. Барында тіршіліктің күліп-ойна, Барады өтіп жалған, күн санаулы,

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын, айт дегенің айда-сайда, Ән білген әрқашанда болар пайда. Барады күн санаулы өтіп жалған, Ойнап-күл, ей, шырағым, осындайда.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын, айт дегенің айдай он бес, Үйреткен асауынан тайдай он бес. Барында тіршіліктің күліп-ойна, Келмейді қайта айналып қайран он бес.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын, айт дегенің айдайын көп, Келеді айдайын көк ойнайын деп. Барында тіршіліктің күліп-ойна, Барады өтіп жалған қоймайын деп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын, айт дегенің, әри-айдай, Көп айтса, әри-айдай, көңілге жай. Барады өтіп жалған, күн санаулы, Қалайық ойнап-күліп осындайда-ай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын, айт дегенің, әри-айдай, Көп айтсам, әри-айдай, көңілге жай. Бауырлар мал жинасаң, жылқы жина, Көрінер жылқылы ауыл толған айдай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айтайын, айт дегенің, ау жасаған, Сары атан ырғай мойын қам жасаған. Барында тіршіліктің күл де ойна, Құзғындай кім бар дейсің мың жасаған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жылқымды жаңа келдім жиыстырып, Бес ағаштан ер шаптым қиыстырып. Тағдыр жазып, ей, құрбым, кез болыппыз, Бермен отыр тізеңді тиістіріп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жылқыда ұстатпайды күңгір жирен, Босаса малдан қолың өлең үйрен. Пайдасы өлеңіңнің тойда тиер, Басыңды есіктегі төрге сүйрер.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жылқы бақтым сары жон белесіне, Етектегі түседі ел есіме. Сары белден шырқаған әнімді естіп, Сүйген сәулем, қасыма келесің бе?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жылқы сайға тоқтамас жел келгенде, Жел шаңды аяқ тартады ел келгенде. Әнге салып берейін бір-екі ауыз, Өздеріңдей боздақтар кез келгенде.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жылқыда ұстатпайды теңбіл шұбар, Мойнына теңбіл шұбар тақтым тұмар. Өлең десе елеңдеп тоқтамаймын, Әрқашан біздің ауыл әнге құмар.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жылқыдан ұстап мінген арғымағым, Бөгденің таласы не болса бағым. Ұзақта, елден шалғай жүргенімде, Қолдай гөр ата-баба әруағы.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көшкенде жылқы айдаймын жиыстырып, Ер қостым бес ағаштан қиыстырып. Жанымда шағып алар шаяным жоқ, Тізеңді бермен отыр тиістіріп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көш соңынан ілестім інгенменен, Інген артық болмайды мінгенменен. Күнің барда, қалқатай, ойна да күл, Өмір қызық бірге ойнап, күлгенменен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көшкенде жүк артылмас тай-танадан, Алды-артын жігіт емес байқамаған. Сөзімді сіздерге айтпай кімге айтамын, Алдыма кез келгенде айтар адам.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көшкенде жылқы айдаймын ақ табанмен, Болмайды жаман жақсы мақтағанмен. Сүймесе, несі қызық екі жастың, Күйеу боп босағаны аттағанмен?!

Genre: Қара өлең
Previous Page 160 of 236 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment