Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4248 Total records
174,612 Unique word forms (full index)
4050 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4248 records

Ер Едіге

Қазақ жұртынан Едіге деген ер шықты. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен, Ел шетіне жау келсе: «Мен шығайын! – дер екен. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен, Өзінен бір жасы үлкен болса, «Ғазизім, сіз білесіз», – дер екен. Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен, Өзінен бір жасы кіші болса, «Ботам, сен тұ...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Ер Едіге

Бұл Бабай Түкті Шашты Әзиз заманында бұрқыраған диуана болған екен. Қаратауда «Мыңжылқы» деген тауының бауырында бір бұлақты мекен жай қылып жүріп, күнде таң намазын күн шығармай, сол бұлақтың басында оқиды екен. Бір күн[і] алагеуімнен келсе, жалаңаш үш қыз суда ойнап жүр екен. Соның біреуіне диуананың назары түсіп, ди...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Тоқтамыс хан мен Едіге батыр

Бұрынғы ноғай ұлдарынан Тоқтамыс деген хан болыпты. Оның «Түкті аяқ» дейтін сұңқар құсы болатын, жылында бір туып, үштен артық жұмыртқаламайды екен. Сол сұңқарды тәрбиелеп бағып тұратын Құттықая деген бір адам болатын. Сол сұңқар жұмыртқалаған уақытта Темір хан деген хан Құттықаяға кісі жібереді: «Сұңқардың бір жұмыртқ...

Genre: Тарихи аңыз Year: 1930 Region: Қазақстан Collector: С.Ғайниддинұлы

Едіге батыр туралы

Екі шаруа жігіт Нарын құмын мекен еткен. Бәйгеге ат жаратып, аңға ит жүгірткен сал-сері болса керек. Бір күні алты айшылық жол жүріп, бір қыранның балапанын әкеледі. Оны баптап, өсіре бастайды. Құсын аңға салып, қызығын көреді. Қыран құс аңды қаққыш болады. Оны естіген хан қыранды қалап, кісі жібереді. Бірақ иесі берме...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: М.Тілеужанов

Еңсегей бойлы ер Есім

Қазақ жұртының бұрынғы үлгілі билері сөз бастағанда: «Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы» деп сөйлейді екен. Сол Есім хан – әз Жәнібектің тоғызының бірі Жәдік ханның немересі екен. Қазақ жұртына хан болып тұрғанда пайтахт Түркістан шаһары болған екен. Соның заманында Ташкентте Қатаған деген жұрттың ханы Тұр...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Орманбет хан әңгімесі

«Он сан ноғай бүлгенде, Орманбет хан өлгенде» деп айтылатұғын Орманбет Есіл, Нұра бойында «Тоғанастың тоқсан екі көлінде» жайлап, қыстап жүрген күнінде Орманбет ханның үйіне үш жаяу келіп қоныпты. – Кім боласыз? – деп сұраса: – Дін исламның қорғаны, шариғаттың шегесі, қазығы халифа жұртының кісісіміз, – депті. – Жол бо...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан Collector: Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Жиреншенің қартайған шағы

Жиренше шешен қартайып, Қарашаш сұлу өліп, тоқал алып, бала тауып, балалары ер жетіп, шайпаң болып, тоқалы тентек болып сыйламай қадірі кетіп, оның үстіне хан қасынан да қалған соң бұзау бағып, тезек теріп, күнелтіп жүреді. Әз Жәнібек хан Жиреншені сағынып, жай-күйін көріп білуге жолдас ертіп шешеннің үйіне келеді. Үй...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Әз Жәнібек, Жиренше, Көсе

Әз Жәнібек хан Сырдың оң жағында отырады екен. Бір күні Сырдың сол жағындағы елге жарлық қылады: «Байталдарым құлын тастап жатыр, айғырларының дауысы маза бермеді, айғырларын қырсын!» дейді. Ел хан жарлығынан қорқып, сасады, жиылыс қылып ақылдасады. Жиналған жұрттың ішінен бір көсе шығып: «Сендер саспаңдар! Ханның жауа...

Genre: Тарихи аңыз Year: 1946 Region: Қазақстан Collector: Т.Исмаилов

Жиренше

Күндерде бір күні әз Жәнібек хан Жиренше уәзірмен ойласып, халықты ренжітпей қаражат жинауға салықты қандай жолдармен, кімдерге салса орынды болатын жағын қарастырып кеңесіпті. Ханның қол астындағы халықтардың ішінен тек үш түрінен жиналса, заңды болар деп тауып, (дәлелсіз жұрттың бәріне салық салынса, халық ренжір дег...

Genre: Тарихи аңыз Region: Қазақстан

Әз Жәнібек хан мен Жиренше жайында

Әз Жәнібек хан, Жиренше оның бас уәзірі, әрі шешен, білгір адам болған. Олар 14-ғасырлар шамасында болған. Осы кездегі кәсібі теңіз жағасындағы Астархан қаласын салдырған сол әз Жәнібек хан деп айтады. Өзбек ханның тұқымынан болуы тиіс. Жиренше шешеннің әкесінің аты – Кеңес, әйелінің аты Қарашаш екен. Кеңестің ұлы Жире...

Genre: Тарихи аңыз Year: 1969 Region: Қазақстан Collector: Ә.Қайнарбаев

Жиреншенің ханның уәзірі болғаны

Жиренше бір ханға уәзір болыпты. Хан Жиреншенің әйеліне қызығып, сөз салыпты. Әйел: – Айтқаныңызды орындар едім, Жиренше ауылда ғой, – депті. Хан жақсы екі ат беріп, Жиреншені жұмсапты. Әйелі Жиреншені жөнелтіпті де: – Күн батып, қараңғы болған соң адамға көрінбей, атыңды аулаққа тастап жаяу кел, – депті. Хан Жиренше к...

Genre: Тарихи аңыз Year: 1957 Region: Қазақстан

Қара өлең

Болмайды шапқаны аттың желгенмен тең, Мақтаған өзін-өзі өлгенмен тең. Намысты қарап тұрып қолдан берсең, Боласың тірі тозақ көргенмен тең.

Genre: Қара өлең

Қара өлең

Ақ алма, қызыл алма, жасыл алма, Жақсыдан жақсы сырын жасырар ма. Өкінішсіз шат дәурен сүрем десең, Жақсы тұрып жаманды қасыңа алма.

Genre: Қара өлең

Қара өлең

Жер жақсысы білінер қыс түскенде, Бел жақсысы білінер күш түскенде. Ер жақсысы білінбес туыстықта, Білінер тек басыңа іс түскенде.

Genre: Қара өлең

Қара өлең

Жақсы қандай, ойлашы, жаман қандай, Жүйрік қандай, мініске шабан қандай. Жәйді білмес жаманмен жолдас болсаң, Қараңғыға боларсың қамалғандай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең

Су ағады арықта шыр айналып, Өлмегенге мал бітер бір айналып. Оралыңның барында ойна да күл, Кім бар, кім жоқ, келгенше жыл айналып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең

Тұра алман сен дегенде тойға аттанбай, Құрбыңмен неге отырсың ойнап қалмай. Құрбыңмен азғана күн ойнап қалсаң, Жабарсың қабырғаңды бойдақ малдай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең

Жас қартаяр, қартаймас құрбы көңіл, Құрбысыз күн не керек, құрысын өмір. Қимас құрбы туыстан болар жақсы, Құрбың келсе, көңілдегі ашылар сыр.

Genre: Қара өлең

Қара өлең

О, тағдыр, би қылмадың, бай қылмадың, Көңілімді бақытты етіп жай қылмадың. Жабысып қайда барсам кедейшілік, Екі елі етегімнен айырылмадың.

Genre: Қара өлең

Қара өлең

Нар маяға нар бота жарасады, Мейірімді жоғыңа қарасады. Ар-ұяттан айырылған жетесіз жан, Тапқан жалғыз тарыңа таласады.

Genre: Қара өлең
Previous Page 19 of 213 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment