Қазақ халқы Қорқытты саз құдіреті, оның ішінде қобыздың атасы деп атайды. Адам жанының ең асыл сыры қобыз үнін де деп біледі. Сондықтан да өз кезінде бойларындағы құпия қуаттың сипатын жұртқа жария ету ісінде ел ішіндегі бақсылар қобыз сарынын пайдаланып отырған. Қобызды дәріптеп, киелі саз құралы санатында жұрттың сан...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Жаналғыш Қорқыттың жанын алмақшы болып, өкшелей қуып қоймайды. Сонда Қорқыт тағы да бір амалын келтіріп, өзінен аумайтын қырық сурет салады да, қырық бірінші болып қатарына өзі отыра қалады. Сонан зәрін шашып, қаһарын төгіп, Қорқыттың жанын алмаққа Жаналғыш жетіп келеді ғой. Келсе, қаздай тізіліп бір-бірінен айнымайтын...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Қорқыттың қырық жыл ғана өмір сүретіні аян болады. Осыдан кейін Желмаясын желдей ұшырып өлімнен қашады ғой. Қашқанмен Жаналғыш алдын орап, қайда барса Қорқыттың көрін қаздырып жатады. Бірақ көпке дейін Жаналғыш Қорқыттың жанын алуға бата алмай, құр босқа төңіректеумен болады. Ақыры, бір күні Жаналғыш алтыннан сандық со...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Қорқыттың кіндік қаны тамған ата мекені Қараспан тауы еді дейді. Ол дүниеге келерде анасы құлан етіне жерік болып, құрсақтағы баласын үш жыл тоғыз күн көтерген екен. Сол үш жылдың әр жылында толғақ қысып, дүниеге нәресте келетіндей қамданып, Қорқыттың анасы бөбеу қаға қиналатын болған. Бірақ бірінші жылы да, екінші жыл...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Жұрт әртүрлі ауруға, аштыққа жиі-жиі ұшырап отырған өткен заманда қаһарлы қыстың қақаған аязды күндерінің бірінде жұттан мал қырылып, ел қатты күйзеледі. Сол заманда өмір сүрген бір қарияның жеті ұлы болыпты. Көп қайғысының бір шеті қарияның шаңырағына да жетеді. Балалары бірінен соң бірі дүние салады, қайғы басқан қар...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Қоралы жылқы біткен жалғыз жігіт жылқысын бағып жүргенде, тосыннан келген жау жылқысымен қоса өзін де қолға түсіреді. Жау қолынан құтылудың амалын таппай, торыққан жігіт жаудан жылқысын аралатуды өтінеді. Жаулар жанына бірнеше бақылаушы ертіп беріп, жылқысын аралауға ұлықсат береді. Қолы байлаулы жаяу жігіт жылқыларын...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Қазанғап деген адамға мыңдап жылқы бітсе де, соншама жылқының ішінен небір жүйрік, небір жорға бітпепті. «Ат шаппайды, бап шабады. Қаз мойынды жүйрігі, жол жұмсатар жорғасы жоқ. Барға бағымы, малға қыры жоқ адам», – деседі екен қариялар Қазанғап туралы. Қариялардың айтқанына іштей күйінген, әрі алдына жан салмас жорға...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Бұрын біреудің Кәрібоз деген жүйрігі болыпты. Кәрібоз құнанынан бастап қартайғанға дейін рулы елдің ішінде болған ірілі-уақты барлық тойда алдына ат салмаған жүйрік аталады. Кәрібозды көріп талай той иесі бәйгесін шаппай беріпті. Кәрібоз қартайып, алжыған шағында Салторының атағы жайылады. Салторы көмбеден ат шыққан же...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Аңшы Құламерген таутекені көп атқан екен. Құламергеннің анасы баласы әрбір саяттан қайтқан сайын бір жапырақ етті кесіп қыл арқанға кигізіп қояды екен. Күндердің күнінде арқан етке толады. Сол күні оған түсінде аян болады. Таутекенің киесі қыз бейнесінде келіп «О, ана, сенің балаң неге бізді сонша есепсіз қырады? Тәңір...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Баяғыда шал мен кемпір болады. Олардың жалғыз қызы, мал дегенде, боталаған түйесі бар екен. Қыз бала ерке атанға бауыр басып, әбден үйренісіп кетеді. Күндердің күнінде қыз бой жетіп, оған құда түсіп, қыз ұзату рәсімі басталады. Ол уақытта қызға: «Не қалайсың?» – дейді екен. Сонда қыз: «Кішкентайдан бірге өскен ерке ата...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Баяғыда бір шал мен кемпір болған екен. Олардың Еркетай деген жалғыз қызы бар екен. Еркетайдың ботасынан өзі ақ ірімшік беріп, еркелетіп, үйретіп асыраған тайлағы бар екен. Еркетай оған Еркеатан деп ат қойған екен. Еркетай Еркеатанның шудасына маржан тізіп, айдарына, екі өркешіне үкі тағып, басына сылдырмақты ноқта киг...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Баяғы өткен заманда шал мен кемпір болады. Олардың ақсақ қазы бар екен. Мал дегенде жалғыз өгізі болады. Кедейшілік, жоқшылықтан әбден жауыр болады. «Ұлынабалы-Ысынабалы» деген жер екен, жаугершілік кеп қалып көшіп жатқан ел екен. Жау кеп қалып, жалғыз өгізіне қараша үйін, керекті мүлкін артып, шал кетейін десе, кемпір...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Жазғы жасыл жайлаудың көз құртын тартар сәнінің бірі – көл жағалай, өзенді бойлай жүретін, жайлау төсін думанға бөлеген қаз болса керек. Ақ қанат балапандарын артынан ертіп, өзіне тән үнімен өмір әнін шырқаған бір топ қазға ат мініп, ел қыдырудан басқа шаруасы жоқ мергенсымақ жігіттің көзі түседі. Ол бейғам жүрген қазд...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ертеде бір сыбызғышы бай болыпты. Сыбызғының назды қоңыр үнін ести-ести жылқылары да сыбызғы даусына әбден үйреніп алыпты. Бай сыбызғы тартқанда өрісте жатқан жылқылары шұрқырап қораға келеді екен. Күндердің бір күнінде ұрылар тобы келеді де, байдың жылқысын айдап кетеді. Бай ұры айдап кеткен жылқыларының ізіне түсіп а...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Жаугершілік заманында бір ақсақал адам торғауыттардың қолына түседі. Торғауыттар оны ауылына әкеліп, аяқ-қолына кісен салып тастайды. Сол кезде ауылға бір сыбызғышы келеді. Ауыл адамдары жиналып, сыбызғы тыңдайды. Сыбызғышы «Күй сандық» күйін тартқанда тұтқын шал: «Мен осы күйге билейтін едім», – дейді. Кісенді шешіп,...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Өзі кедей, өзі сыбызғышы Делдал деген адам болыпты. Делдалдың бірінен-бірі өтетін жүйрік жеті аты болады. Бір күні жеті ат ұры қолына түседі де, жеті жүйрікті ұрылар алып кетеді. Жеті атын іздеп шыққан Делдал бүкіл елді араласа да, жеті атын таба алмайды, қай жақтан келген ұрыларға қолды болғанын да білмей тарығады. Жү...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Бір тойда тұс-тұстан келген халық атпен бірге бәйгеге Көгалай дегеннің көк аты қосылады. Көк ат ұзақтан келген екен де, той істеген елдің ешкімі оның сырын білмейді. Сондықтан оған назар да аудармайды. Қазақта тойдың сәні жүйрік пен жорға болғаны мәлім. Ат кеткеннен кейін қайтып оралғанға дейінгі әңгіме тек ат туралы б...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ертеде малмен ғана күн өткізген қазақ халқы тіршілікке қажетті басқадай заттарды алу үшін басқа елдермен сауда-саттық жасап тұрған. Басқа елдерге малдардың даяр өнімдерін бергенде ол елдерден әртүрлі бұл шай, қант сияқты заттар алған. Сондай сауда-саттық жүргізген қалаларының бірі Бейжін (Пекин) болса керек. Бейжінге д...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Байдың жылқысын шауып алған бай кері атты шідерлеп бөлек бақтырады. Жылқы соңынан қуа келген жылқышылар жылқыны тартып алғаннан кейін кер аттың жоқ екенін біледі. Сөйтіп, екі жігітті байдың ауылын торып, кер атты алып келуге жібереді. Екі жігіт ел ішінің адамы боп ел қыдыра жүріп, байдың ауылының малын байқастап кері а...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Бір байдың өріс тола жылқысын жау айдап кетеді. Жаудың шапқыншылары қалың жылқыны қораға айдап келгенде байдың көзі ең алдымен қамыс құлақ кер атқа түседі. Бай жал-құйрығы сүзілген, басқа жылқылардан зор кер атты ұстатады да, шідерлеп бөлек баққызады. Күндердің күнінде кер аттың аяғындағы шідердің бір тиегі ағытылып ке...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан