Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4389 Total records
175,051 Unique word forms (full index)
3864 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4389 records

Қара өлең үлгілері

Туады қара қозы қоңыр қойдан, Әрненің сырын сезер көңіл қойған. Ішінде жұмыр бастың ми болмаса, Не пайда құр сорайған ұзын бойдан.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жүйрік пе шапқан сайын көсілмеген, Шешен бе айтқан сайын шешілмеген. Ғашық па сағыныштан сарғаймаған, Басынан қайдан білсін кешірмеген.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жеткізбей жылқы ішінде жүр қашаған, Ұстамай қашағанды тұрмас адам. Әркімнің өз басына құт қонбаса, Кісіден не болады бір асаған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Кәдеге жарамайды қиқым-сиқым, Қалқатай, сені ойласам, келмейді ұйқым. Жарқылда жай тасындай жастық шақта, Күш қайтып қартайған соң кетер сиқың.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінгенім астымдағы қылаң қара, Жарыссам кетер шығып жалғыз дара. Аты да азаматқа сай болады, Ескертіп қойғаным ғой алдын ала.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қаз таусар қара судың қаймағын-ай, Болжайды көңіл шіркін қайдағыны-ай. Барымен базарларсың дегендейін, Бәрі де қайдан болсын ойдағыдай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шаттық пен қайғы арасы бір-ақ қадам, Тағдырдың пендесі жоқ жылатпаған. Өкінбе өткен іске, үміт үзбе, Бақ та жоқ, байлық та жоқ тұрақтаған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бақшаның не сәні бар қауыны жоқ, Не қайыр төрт түліктен сауыны жоқ. Ұлық та әділетсіз сол секілді, Не пайда қара бұлттан жауыны жоқ.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ойланбайтын кісіде ақыл болмас, Ақылсыздың еш сөзі мақұл болмас. Екі туып болса да бір қалқаның, Еңбегіндей өзіңнің жақын болмас.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сөйлей бер, қызыл тілім, сен де өлерсің, Жылқыдай делбе болған дөңгелерсің. Бір күні ажал тура келіп қалса, Келмей тілің орамға демде өлерсің.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әр нәрседен жүресің неге тосаң, Тосаң болсаң, тосаң бол, болма босаң. Қалқам десең жолыңа көп қаратпа, Келіп-кетіп жүр енді адам болсаң.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қырдағы ел қосылады ойдағы елге, Жаманға рақым қылсаң, кетер селге. Жақсымен жайды білер жолдас болсаң, Есікте қалған басың жетер төрге.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Баспайды мың салсақ бір шабанымыз, Ауырар, жаяу жүрсек, табанымыз. Барында оралыңның ойна да күл, Болады әлдеқандай заманымыз.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сұңқармын биік көкке самғайтұғын, Қанаты қанша ұшса талмайтұғын. Тұлпардың өзім теңдес тұяғы едің, Тұнықтан жүзіп ішпей қанбайтұғын.

Genre: Қара өлең

Төре жайында (І нұсқа)

Төрелердің тұқымы бір жерде емес, әр жерде болған. Бір жерден он, он бес үйден артық болмаған. Оған себеп – ертеде қазақ Мамай хандық дәуірінің кезінде қарадан хан қойса, қан төгілді, тек төре тұқымынан ғана хан болуы керек деген. Сондықтан төре тұқымынан ғана болып, ол жетіспесе, жаңа туған ер балаларының бесігін керт...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Ноғай аталуы

Мұхаммед пайғамбар заманында екі-үш сахаба рұқсатпен Бұлғар еліне келіп, тәуіпшілдікпен айналысып, көп адамға шипалық жасаған. Ресей патшасының да қызы ауырып, оған ем қонбай жүр екен. Бұлардың атағын естіген патша емшілерді шақыртады. Келген соң емшілер патшаға шарт қойған: «егер қыз шипа тапса, исламды қабыл етесіз»...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қырғыз атануынан

Аққазы ханның қызы Күлсім туралы шежіренің бір аңызы: Күлсім күйеуге шықпай тұрып екі қабат болады. Мұны хан естіп, тексере келіп, бұл туралы: «Кінәлі адам – Әлібек» деп табады. Әлібекті өлтіруге, Күлсімді қырық қыз нөкерімен Алатау асырып жіберуге бұйырады. Жұрт ақылдасып, Әлібекті қорғау ниетімен, қырық қыздың біреуі...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қырғыз, Қыпшақ, Қарақалпақ және Қазақтың туысқан болуы

Өткен заманда бір патшаның қызы көрген түсі арқылы екі қабат болып қалыпты. Мұны әкесіне айтудан қорқып, тәрбиешісі мен күтушы қызметкер қызға айтады. Олар: «Сенің пәктігіңе айғақ болғанымызбен, сендіруіміз қиын, мұның амалы – бір жаққа кетіп, жан сақтау. Ал өзіңді жолға салсақ, әкеңнің басымызға қандай күн туғызатынын...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қазақтың баласы

«Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс» дейді. Осы үш Арыстан өсіп-өніп үш рулы ел болады. «Үш жүз» атанудың себебі – жаудан қорғану үшін үлкені Ақарысқа «Сен бір жүз кісі шығар» дейді. Ортаншысы Жанарыстан тараған тұқымға «Сен бір жүз кісі шығар» дейді. Кішісі «Бекарыс тұқымына «Сен бір жүз кісі шығар» деген. Сол себептен «Ұлы жүз...

Genre: Шежіре Region: Қазақстан

Қазақтардың қайдан шыққан турасынан бұрынғыдан қалған сөз

Ноғайдың Батый деген ханы Россияда жүргенде өзінің Алаша деген бір атақты әскер басшысын бас қылып Күншығыс жаққа, ноғайларға: «Белгісіз жаңа жайды барып қарап, біліп келіңдер!» – деп, жүз жігіт жіберіпті. Бұл жіберілген жігіттер іздеп барған жағын барып көрсе, бұл жақ кең, бай һәм жүріп-тұруға бостандық, ыңғайлы екен....

Genre: Шежіре Region: Қазақстан
Previous Page 72 of 220 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment