Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4404 Total records
176,706 Unique word forms (full index)
3957 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4404 records

Қара өлең үлгілері

Тоғызыңды аларсың айдалада, Тақия тігіп берейін жайға қара. Жақсы атаның жөн білер ұрпағысың, Тақылдама тар жерде, байқа, бала.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Саспа деймін, әріптес, аспа деймін, Айтысудан жалтарып қашпа деймін. Қашар болсаң жеңіліп тоғыз бермей, Ендігәрі тойға аяқ баспа деймін.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өз құнын жоғалтпайды алтын теңге, Халықтың ұшырмайық салтын желге. Жеңілсек тоғыз беру сөзсіз болсын, Бұл қойған алдын ала шартым, жеңге.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім торы дөненім, Түйме, моншақ жиғалы келмегенмін. Тоғыздың да болады жол-жосығы, Ат жетектеп, қой берсең өңгеремін.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келеді таудың тасы құламалы, Жеңгеннің жөн ғой тоғыз сұрағаны. Азырқанбай ала сал ұсынғанын, Болса іні-қарындасың қуанады.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тізіліп құс ұшады тырна деген, Дүкенді жайсыз жерге құрма дер ем. Түсімде киелі ақын аян беріп, Орныңнан жеңбей әсте тұрма деген.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бойлатып шыңырауға салдым қауға, Шығады бүркіт алған биік тауға. Ат жалын бірге тартқан құрбы едік, Тұсыңа келіп қалдық сұрап сауға.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қашағанды құтқармас ұзын арқан, Таусылмасын тататын тары-талқан. Келер тойда аман-сау кездесейік, Қош болып тұр осымен, асыл қалқам.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ызғар да көп, сыз да көп күзгі бұлтта, Ыстық сорпа ішерде үріп ұртта. Тағы талай тойларда табысармыз, Қайда жүрсең, әріптес, бізді ұмытпа.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңіміз осымен тамам боп тұр, Айрыларда көңілім жаман боп тұр. Жақсы да айттық, өлеңді жаман да айттық, Текті атаның баласы, аман боп тұр.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өткен кім бар өлеңге құмарланбай, Жеңбеуіңе сенің бар күмән қандай. Осы жолы тоғыз бер толымды етіп, Дұшпан күйіп, дос-жаран қуанғандай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Былтырғыдан биылғы жайың қандай, Қалыбың жоқ ерліктен тайынғандай. Тоғыз әкел көпшілік құптарлықтай, Алты алашқа атағың жайылардай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сөзіңмен де, сүйкімді ең түріңмен де, Жомарт қыздан көңілім түңілген бе. Толығымен тоғыз бер, қуантайын Қарындасым алдымнан жүгіргенде.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сынбап еді ешкімнен сағым менің, Сұрай-сұрай қарысты-ау жағым менің. Көрген адам тоғыз бер құптарлықтай, Кербездерден өзіңдей салымды едім.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бір өзіңдей жомарт жан жарала ма, Жаралса да саған тең санала ма. Ат пен түйе мен сенен сұрамаймын, Бет орамал, сақина, тана ғана.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жылқы ішінде жүреді шұбар тайым, Шұбар тайдың құйрығын шұбалтайын. Сақина бер, тана бер тоғыз қылып, Қарындасым бар еді қуантайын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Күнде мұндай ойын-той табылмайды, Жорғасынан шын тұлпар жаңылмайды. Тоғыз деген жолы ғой бұрынғының, Ашық етек тоғызбен жабылмайды.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жөн білетін бір үйдің мырзасы едің, Әр ісіңе ел-жұртың риза сенің. Тұқымыңнан қара көк үзілмеп ед, Халің келмей тоғызға тұр ма сенің?!

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бір қараңғы түн мен күн бір жарық-ты, Дүние жинап жалғанда кім жарыпты. Сақина бер, тана бер тоғыз қылып, Болмысыңнан танимын мырзалықты.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жылқы ішінде жүреді торы шұбар, Міне берсең, түліктің соры шығар. Сақина бер, тана бер тоғыз қылып, Салып кеткен ата-ана жолы шығар.

Genre: Қара өлең
Previous Page 86 of 221 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment