Жиренше мен әз Жәнібек

Әз Жәнібек хан айтады екен: – Осы Жиренше бала түбінде би, шешен болады, – деп. Қасындағы жолдастары ханның бұл сөзін ауырлап жүріпті. «Алты жасар бала болады деп қайдан біледі. Не болса соны мақтайды екен» деп. Бір күні жап-жалаңаш ойнап жүрген бала Жиреншеге хан бөркін алып басын көрсетіпті. Жиренше аузын ашып, тілін...

Kazakh
Жиренше мен әз Жәнібек
Әз Жәнібек хан айтады екен: – Осы Жиренше бала түбінде би, шешен болады, – деп. Қасындағы жолдастары ханның бұл сөзін ауырлап жүріпті. «Алты жасар бала болады деп қайдан біледі. Не болса соны мақтайды екен» деп. Бір күні жап-жалаңаш ойнап жүрген бала Жиреншеге хан бөркін алып басын көрсетіпті. Жиренше аузын ашып, тілін көрсетіпті. Далаға шауып ойнап кетіпті. Хан қасындағы билерге: – Мен Жиреншеге не дедім, Жиренше маған не деді? Осыны шешіп беріңдер, – дегенде, біреуі де шеше алмапты. Сонан соң хан Жиреншені шақырып алып: – Жаңа мен не дедім, сен маған не дедің? – деп сұрағанда, Жиренше: – «Сен басқа пәле қайдан?» деп басыңды көрсеттің, мен «басқа пәле тілден» деп тілімді көрсеттім, – депті. Сонда: – Рас-ақ, осылай дегеніміз, – депті. – Бұл Жиреншені күндемеңіз, – депті.
English
Zhirenshe and Az Zhanibek
Khan Az Zhanibek is said to have remarked: – This Zhirenshe boy will eventually become a judge and a speaker. His companions were troubled by the Khan's words. "How can he know that a six-year-old boy will become anything? He seems to praise anything," they said. One day, while playing completely naked, the boy Zhirenshe showed his head to the Khan, who was wearing a fur hat. Zhirenshe opened his mouth and showed his tongue. Then he ran off to play outside. The Khan asked the judges around him: – What did I say to Zhirenshe, and what did Zhirenshe say to me? Solve this for me, – but none of them could figure it out. Then the Khan called Zhirenshe and asked: – What did I just say, and what did you say to me? – to which Zhirenshe replied: – "You showed your head and asked, 'Where is the other trouble?' I showed my tongue and said, 'The other trouble is from the tongue,'" he said. Then the Khan remarked: – Indeed, that is what we meant – do not hold any ill will against this Zhirenshe.