Back to corpus

Жарқанат турасындағы бұрынғыдан қалған сөз

Жарқанат турасындағы бұрынғыдан қалған сөз бар. Баяғыда тақ Сүлеймен пайғамбардың патша болып тұрғанында, бір күні Сүлеймен ғали ассалам барша құсты жиып алып айтыпты: «Мен бұл күнде қартайдым, етіме жұмсақ төсек болмаса болмайды. Баршаларыңыз барыңыздар, бір-бір жүндеріңізді беріңіздер, содан төсек істеуге керек», – д...

Kazakh
Жарқанат турасындағы бұрынғыдан қалған сөз
Жарқанат турасындағы бұрынғыдан қалған сөз бар. Баяғыда тақ Сүлеймен пайғамбардың патша болып тұрғанында, бір күні Сүлеймен ғали ассалам барша құсты жиып алып айтыпты: «Мен бұл күнде қартайдым, етіме жұмсақ төсек болмаса болмайды. Баршаларыңыз барыңыздар, бір-бір жүндеріңізді беріңіздер, содан төсек істеуге керек», – дейді. Сонда барша ауадағы құстардың бәрі де бір-бір жүнін жұлып берді дейді Сүлеймен ғали ассаламға. Сонда жалғыз-ақ жарқанат «Сүлейменге қалайша жалғыз жүнімізді береміз» деп, өзінің тәуір деген жүнінің бәрін алып беріпті. Сонда Сүлеймен ғамма жүнін алып, «құстардың алды бол» деп бата беріпті. Мұнан соң кешікпестен ойлап: «Жалаңаш нәрсеге өзге құстар мазақтап күле бере ме?» – деп, тағы айтыпты: «Сен ауада түнде ұшарсың, құс пенен адам байқап сенің сиқыңды көрмейтін уақытта», – депті. Сонан бермен қарай жарқанат тек түнде ұшатын болған.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.