Қазақша
Жарқанат турасындағы бұрынғыдан қалған сөз
Жарқанат турасындағы бұрынғыдан қалған сөз бар. Баяғыда тақ Сүлеймен пайғамбардың патша болып тұрғанында, бір күні Сүлеймен ғали ассалам барша құсты жиып алып айтыпты: «Мен бұл күнде қартайдым, етіме жұмсақ төсек болмаса болмайды. Баршаларыңыз барыңыздар, бір-бір жүндеріңізді беріңіздер, содан төсек істеуге керек», – дейді. Сонда барша ауадағы құстардың бәрі де бір-бір жүнін жұлып берді дейді Сүлеймен ғали ассаламға. Сонда жалғыз-ақ жарқанат «Сүлейменге қалайша жалғыз жүнімізді береміз» деп, өзінің тәуір деген жүнінің бәрін алып беріпті. Сонда Сүлеймен ғамма жүнін алып, «құстардың алды бол» деп бата беріпті. Мұнан соң кешікпестен ойлап: «Жалаңаш нәрсеге өзге құстар мазақтап күле бере ме?» – деп, тағы айтыпты: «Сен ауада түнде ұшарсың, құс пенен адам байқап сенің сиқыңды көрмейтін уақытта», – депті. Сонан бермен қарай жарқанат тек түнде ұшатын болған.