Қара өлең үлгілері
Жылқымды айдап салдым ойтаң-сорға, Жылқысы біздің елдің өңшең жорға. Ағалар, армияға шыққаныңда, Шығарып салушы едім орта жолға.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Жылқымды айдап салдым ойтаң-сорға, Жылқысы біздің елдің өңшең жорға. Ағалар, армияға шыққаныңда, Шығарып салушы едім орта жолға.
Базардан алып келген қоймақпалдай, Біздің ел қоймақпалмен үй жапқандай. Ағалар айт деп өлең қинамашы-ай, Жас бала жаңа өспірім не тапқандай.
Қара ойдың қамшым қалды қабағында, Бояудың бір белгісі сабағында. Бір көрсем құлынтайды, таныр едім, Ақша ілгек алтын шайған тамағында.
Басы еді өлеңімнің айым-қайым, Кім біледі, жолдас болмай жақсы жайын. Бұрылмай алыс сапар кетіп барам, Артымда қалып барады құлынтайым.
Қарағым, айналайын, қарындасым, Құдайым ұзақ қылсын ғұмыр жасың. Жат елге бауыр басып барасың-ай, Алдыңнан ақ күн туып жарылқасын.
Ішінде көп қойымның көзгіл қойым, Бұралған талшыбықтай өзім бойым. Бір тұтам бақалшағың, кеудең жуан, Тұрады қай жеріңде ақыл-ойың.
Жайықтың ортасынан сең жүреді, Біреуі-біреуінен кем жүреді. Бір сәлем құлынтайға айтар едім, Апырмай, осы арадан кім жүреді.
Көзімнің ағы менен қарасын-ай, Өсірген әлпеншектеп құлынтайым. Жат елдің таныс болдың баласын-ай. Бауырым атқа міндің тәсілменен. Алыстан ат сабылтып келгенімде, Атыңды арқандайын шашыммен.
Қай жалған, мына жалған, жалған бар ма, Жалғанда өлмей пенде қалған бар ма?! Жас өлсе, шамшырағың қалар сөніп, Жас жетіп өлгендерден арман бар ма?!
Әкелген нағашымнан тайлы бие, Демесең, құлыны еркек сайлы бие. Асықты алшы иірген ішіге дейді, Бетіне хан тақсырдың майлы күйе.
Қамысы Қарабаудан жеке-жеке, Жүрмейді суға айдасам жалғыз теке. Келді де «қол тұзаққа» қолым түсті, Қолымды шешіп жібер жеңеше-еке.
Ішінде көп қойымның ұсақ-тұсақ, Барасың сен де тойға кісі құсап. Бір тұтам бақалшағың, кеудең жуан, Әкелген Орынбордан шелек құсап.
Ішінде көп қойымның қара қойым, Бастадым қара түгіл ханның тойын. Алты күн той көрмесем, аңсыраймыз, Күнбе-күн кез келтірсін ойын-тойын.
Жедінің жеті ат кетті дауылында, Бар еді қаңтармасы сауырында. Өсірген кішкентайдан, қарағым-ай, Жүресің бөтен елдің ауылында.
Қолыңа сал сақина, мыс та болса, Еліңде соқтырып ал ұста болса. Жеріңе уағда айтқан мен барайын, Ақ боран соғып тұрған қыс та болса.
Жайықтың ортасымен сен көргеннен, Сені мен дәл басыма тең көргенмін. Шырағым, мені ұмытсаң, Аллаңды ұмыт, Аузыңа бала қаздай жем бергенмін.
Қарағым, айналайын орта бойлым, Айырып сары майдан торта қойдым. Атыңды мен атасам, жұрт білер деп, Атыңды «Айнамкөз» деп жорта қойдым.
Базардан алып келген қызыл түлкі, Қызығы дүниенің ойын-күлкі. Барында оралыңның ойна да күл, Жігіттің қайда қалмайды жиған мүлкі.
Жуып-шайдым шарқатым биік таққа, Жел ұшырып түсірді жауған қаққа. Түйедей жапырақ жеген жалт-жұлт етіп, Ақ сәуле қарай ма екен біздің жаққа.
Үйірі қаракөктің санда да бар, Баласы ақ патшаның ханда да бар. Қарағым, кетемін деп налымашы, Жақсы атаң, жақсы-ау анаң онда да бар.
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment