Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4702 Total records
192,685 Unique word forms (full index)
4220 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4702 records

Қара өлең үлгілері

Жүйрік те бар жылқымда, жорға да бар, Бір атымнан тер шықса, пейілім тар. Ортақ малын елімнің өсірем деп, Партияға көтерген сенімім бар.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айдап салдым жылқымды теріскейге, Бақпай қойса, мал шіркін өрістей ме. Жылқы ішінен саңлақты ұстап мініп, Осылайша ән салсам, келіспей ме.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Екі ішекті домбыра, қақпағың тал, Дыңғырлайтын ішінде не пәлең бар. Ақын дейтін ауылға жақын қондық, Құйма құлақ балалар үйреніп ал.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бетің айдай, домбырам, мойның қылдай, Түрлі-түрлі бетіне салдым шимай. Күйсандықтың дауысындай түрлендіріп, Дыбысыңды шығаршы, байғұсым-ай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жан да аманат жүргенде, мал да аманат, Біреу құйрық болғанда, біреу қанат. Көріскелі, көргелі келдік жаңа, Аман-есен жүрсің бе, сау-саламат?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан, Бозторғайдың ажалы күйкентайдан. Өлеңіңді сағынып жүргенімде, Қиылған қас, қыпша бел, келдің қайдан?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қыран бүркіт ұшады қиялауға, Шешен жігіт сөйлейді қия дауда. Тілеп ұшқан Алтайдан сұңқар едім, Қай жеріне қонайын ұялауға.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айналайын қарағым, жүрсің бе аман, Өзім көрген аман ба бала-шағаң. Көрмегелі жүзіңді көп күн болды-ай, Сәлем жолдап жүруші ем мен де саған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қазақтың қазынасы қойдың жүні, Жылқының ең қызығы жаздың күні. Арналған түйе малы артуыңа, Озады ешкі, сиыр күздің күні.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айт дегенде өлеңді іркілмеймін, Жақсы көрген адамды шіркін деймін. Көпшіліктің алдында ән салғанда, Жолға түскен жорғадай бүлкілдеймін.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ер жігіт ақылы көп елді билер, Тасты да қолы білген ұндай илер. Құрбылар, жас күніңде өнер үйрен, Басыңды есіктегі төрге сүйрер.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бай да өткен, қара да, жарлы да өткен, Жас бала, кемпір мен шал бәрі де өткен. Балалар, тіршілікте күліп-ойна, Өлмесе, ата-бабаң қайда кеткен?!

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сары итке сүйек салдым сақ болған соң, Қораны айнала үріп жатпаған соң. Бекерге сұлулықтың сәні қайсы, Сүйсініп бал дәмінен татпаған соң.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Құдажан, күміс жүзік қолымдағы, Құданың біреуі едің ойымдағы. Ұл ұяға қонғанда, қыз қияда, Бұ дағы тағдыр жазған жолымдағы.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бұл әннің мен айтайын аты угай, Қонады ауылым көшіп көл жағалай. Шырқасам угай әнге қыр басынан, Айдайды қасірет-мұңды іштегі удай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қолымда бір қамшым бар бунақтаған, Басыңа таққан үкім бұлғақтаған. Ән салып, жылқы бағып, қырға шықсам, Астымда мінген атым ойнақтаған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бүгін тойға құрбылар келіп еді, Құрбылармен көңілдің семірмегі. Сағынысқан шын құрбы келгеннен соң, Келеді ғой сұлу ән көңілдегі.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сары белден сарғайып таң келеді, Жүйрік аттың соңынан шаң келеді. Айт дегенде өлеңді қоя бермей, Мен менсіген кейбіреу паң келеді.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Болмайды шапқан бірдей желгенменен, Шеніме ешбір нәрсе тең келмеген. Жүйрікті көрмей, сырттан кім мақтайды, Өнерін айдалада ел көрмеген.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұшады бір топ қаздар үйрегімен, Қонады ұшып барып түйдегімен. Бәйгені, жүйрік болсаң, ал да жөнел, Қалайық бір қосылып бүйрегінен.

Genre: Қара өлең
Previous Page 153 of 236 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment