Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4702 Total records
192,685 Unique word forms (full index)
4220 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4702 records

Қара өлең үлгілері

Күй құйылар домбыра пернесіне, Кімді қояр тәтті күй келмесіне. Гүл бағында бұлбұлы гүлге қонып, Жыр ағытар сұлу қыз теңдесіне.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сол жігіттің арқалы аты семіз, Қыз-жігіттің думанда аты егіз. Күй толқытып, бұралтып ән шырқасам, Аспан асты масайрап болар теңіз.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бұлтты жарып биік ұш бүркіт болсаң, Топты жарып алға шық жүйрік болсаң. Бүгінгідей құрметті таппас едің, Өнеріңді халқыңнан іркіп қалсаң.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бәйге құмар қара кер құнанынан, Өрге жүзер талапты ер ұланынан. Өнерімен ел сүйген, беу, замандас, Түз бүркіттің туыпсың қыранынан.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Осы үйдегі жеңешем аппақ қана, Шаңырағы өзіне шап-шақ қана. Ықыласпен тамағын берсе егер, Ауылымызға барамыз мақтап қана.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қосылғанда болатын паналарың, Ақыл айтып беретін даналарың. Көп айлар, көрмегелі көп күн болды, Аман ба ақ көңілді аналарың?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сөзімнің кешіруші ед қаталарын, Алушы ек ақ жарылған баталарын. Көп айлар, көрмегелі көп күн болды, Аман ба ақ сақалды аталарың?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сары ала қаз ұшады салмақпенен, Қолым ауыр тартады бармақпенен. Көп айлар, көрмегелі көп жыл болды, Аман ба ауыл-аймақ мал-баспенен?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Айналайын көзіңнен бұлбұлым-ай, Жүйрік аттай желпінген дүлдүлім-ай. Көрмегелі жүзіңді көп күн болды, Аман-есен жүрмісің, ой, құрбым-ай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінгенім дәйім менің торы керім, Жарасар торы керге тұрманды ерім. Көп айлар, көрмегелі көп жыл өтті, Аман ба ауыл-аймақ, сенің елің?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шай-шай еткен, ендеше, шай-шай еткен, Шай көйлектің жеңінен самал ескен. Осы ауылдың ақыны бар деуші еді, Көрінбеді көзіме, қайда кеткен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шай тостаған, ендеше, шай тостаған, Бешпентім бар үстімде нарпостаған. Арғы атамды сұрасаң қол бастаған, Қолдан қиын болып па той бастаған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әриялар, ендеше, әриялар, Қара ағаштың басына қарға ұялар. Жақсысы бар өлеңнің, жаманы бар, Қандай өлең айтамыз қариялар.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тобылғыдан үй салдым сынбасын деп, Тіл-жақ берді жаратқан тынбасын деп. Үлкен ағай өлеңді көп үйреткен, Тойға барып томпиып тұрмасын деп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Біздерде өлең де бар, өнер де бар, Жылқыда мінілмеген дөнен де бар. Өлеңді әлде біраз айтып-айтып, Үйіңе таң атқан соң жөнел де бар.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Асуы бұл Алтайдың табан асу, Жығылған тайлақ тайып жаман асу. Кез болған қиуада қимас қалқам, Тар жерде қиын екен амандасу.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сауықшыл, сәнқой еді ауылдарың, Құптаған жақсылықтың қауымдарың. Тағы да сұрайтұғын тәуірім бар, Аман ба арттан ерген бауырларың?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Біліп ем сен де өлеңді дайындарың, Қиыннан қиыстырған—дайын барын. Көп айлар, көрмегелі көп күн болды, Аман ба ашық-жарқын қайындарың?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сылдырайды омырауда теңгелерің, Өзіңе ақыл қосар—дем берерің. Көп айлар, көрмегелі көп күн болды, Аман ба жібек мінез жеңгелерің?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Құндыздан киген киім жағаларың, Тәңір артқан жаратқан саналарың. Көп айлар, көрмегелі көп күн болды, Аман ба ақыл айтар ағаларың?

Genre: Қара өлең
Previous Page 154 of 236 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment