Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4756 Total records
193,759 Unique word forms (full index)
4198 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4756 records

Қара өлең үлгілері

Төнеді қара бұлт меңдей болып, Қалады кескен терек жеңдей болып. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Көзіме кім көрінер сендей болып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Буынғаным беліме кемер белдік, Қоңыр салқын Арқадан неге келдік. Сапырулы сары қымыз ішпес басым, Шөптің басын ас қылған елге келдік.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тауға барсаң, шөп те көп, жыңғыл да көп, Жыңғыл буып алатын шылбыр да көп. Ұйықтап кетсең, түсіңе қыз енеді, Көзіңді ашсаң, қыз түгіл сымбыл да жоқ.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Біздің ауыл жоғары күйік асар, Керім жігіт аяғын бір-бір басар. Кішкентайдан бірге өскен, беу қарағым, Құшағың мен құшағым қиюласар.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Таң атар, таң-таң атар таң жағынан, Құланның шаң шығады ойнағынан. Белге оралған жыландай үш бұралып, Қалқаның жатар ма едім оң жағынан.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жел соқса, ағаш басы ырғалады, Қаршыға қыран болса, тырна алады. Барында оралыңның ойна да күл, Күлмеген, ойнамаған құр қалады.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұшады аққу көлден саңқылдаған, Әдемі балақ жүні жалпылдаған. Сыпырған томағасын қыран құстай, Көзіңнен айналайын жалтылдаған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұшады аққу көлден үйрегімен, Қонады ұшып барып түйдегімен. Керілген ақ маралдай сәулем едің, Барасың ыстық тартып күндегіңнен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ендеше, майда құрақ, майда құрақ, Құрақтың жұлып алдым басын бұрап. Осындай Құдай айдап кез келгенде, Айта гөр өлеңіңді, жаным, шырақ.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қызыл шілік, ендеше, қызыл шілік, Бір ажалы түйенің ала күлік. Бекер қарап отырсаң, не шығады, Өлең айтсаң мұндайда қызықшылық.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қонғаны ауылымның жазық еді, Ән-күйім көңілімнің азығы еді. Жасымнан қол жетпесті армандатып, Тағдырым әлденеге жазып еді.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жер қайда Сеңкілкөлдей жайлағанға, Шыңғыртып жас құлынын байлағанға. Келмейді жатсам ұйқым, тұрсам күлкім, Қалғаны кейін қалған ойлағанда.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Су шығар жалбызы бар шилі жерден, Сөз шығар естімеген үлгілі елден. Сайрап қал қызыл тілім ел-жұртыңа, Құтылған еш ақын жоқ қара жерден.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жайнап өскен жас шыбық доланасы, Бал татыған шекерлі, ақ алмасы. Жатсам-тұрсам есімнен бір кетпейді, Ақ бастаулар сылдырап сай-саласы.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қалды кейін қайран ел, туған жерім, Аман да бол, қайыр хош, асқар белім. Ата-анамның кезінде ізі қалып, Ең алғашқы кіндік қан тамған жерім.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Гүл бәйшешек оранған жерім еді, Көптен бері көзіме көрінбеді. Дәулеті мол ырысты несібені Қанша халқым өзінен теріп жеді.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінгенім дәйім менің күрең дөнен, Қашады төстен түлкі сүмеңдеген. Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің, Айырылып қалқатайдан жүрем деген.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қойым семіз болсын деп тауға бақтым, Таудың сәні келсін деп сырнайлаттым. Тау басынан ертемен кездеспесек, Жас жүректің обалын саған арттым.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Талға байлап күреңді мінген қандай, Ойнап-күліп құрбымен жүрген қандай. Осы жолы ауылыңа бармақ едім, Бара алмадым ауылыңа жерің шалғай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мен қайтейін Қаратау биігіңді, Мерген болып атпадым киігіңді. Жатсам-тұрсам есімнен бір кетпейсің, Енді қайтып басамын күйігімді.

Genre: Қара өлең
Previous Page 167 of 238 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment