Қара өлең үлгілері
Сөйлеп қал, сөйле, тілім, екпінденіп, Жүйріктей топқа түскен екіленіп. Қартайсаң, шабан аттай жүрісің жоқ, Алсайшы осындайда желіп-желіп.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Сөйлеп қал, сөйле, тілім, екпінденіп, Жүйріктей топқа түскен екіленіп. Қартайсаң, шабан аттай жүрісің жоқ, Алсайшы осындайда желіп-желіп.
Сөйлеп қал, сөйле, тілім, шал боларсың, Қу томар басын кескен тал боларсың. Қартайып, жасың жетіп келген шақта, Артыңа бір қарауға зар боларсың.
Бір күйі домбырамның пернесінде, Жел сөзден іркілейін мен несіне. Жігіттер, тіршілікте ойна да күл, Мен кепіл өткен жастық келмесіне.
Сал кеуде сандуғаштай сайрап тұрған, Меруерт тас Самарқанда жайнап тұрған. Ағалар, топтан таңдап бір сұлу ал, Тасындай диірменнің ойнап тұрған.
Қиын екен жігітке жұртқа жақпақ, Жақсы, жаман көңілін бірдей таппақ. Қара қылды қақ жарып жүрсең-дағы, Біреу даттап кетеді, біреу мақтап.
Жігіт болсаң, жігіт бол көңіл ашар, Өнер қуған жігіттен бөле қашар. Өміріңді өткізбе түндей қылып, Жігіттің де жігіті бір-ақ жасар.
Жүгірген құмнан құмға құмай тазы, Жігітті малдың азы мұңайтады. Жігіттер, малым аз деп мұңаймаңыз, Бір күні өлім келіп шұнайтады.
Аузыңды ашсаң көрінер маржан тісің, Не демейді сыртыңнан дұшпан кісің. Десе десін сыртыңнан дұшпан кісің, Білінбей ме досыңа еткен ісің.
Елімнің бір жайлауы Құрымбай саз, Жайлаған алты ай жазда сары ала қаз. Шолпандай таң алдында туып батқан, Дариға-ай, мен қайтейін, ғұмырым аз.
Баркернеуді барған жұрт биік дейді, Бұлтқа басы тұрады тиіп дейді. Шықпаса аты жігіттің батырлықпен, Туған жерін шығарар сүйіп дейді.
Қаршығам қазға салсам, қаз іледі, Жиылып қыз-бозбала бір жүреді. Құдай-ау, жас күнімде өлім берме, Көл жайғап, жем жейтұғын мезгіл еді.
Ойлап тұрсам бұл жалған бәрі елес, Өткен өмір айналып қайтып келмес. Арманыма жетем деп талпынасың, Өлгеніңше кеудеңнің оты сөнбес.
Жиырма бес өте шықты ескен желдей, Қоныстан қопарылып көшкен елдей. Жастықты думандатып жүре бердік, Қайрылмай кететіні еске келмей.
Жел соқса ұзын ағаш ырғалады, Біреуден біреу көріп үлгі алады. Барында оралыңның күліп-ойна, Опасыз сұм жалғаннан кім қалады.
Бір тісім, екі тісім, маржан тісім, Сыртыңнан не демейді дұшпан кісің. Сыртымнан десе десін дұшпан кісім, Аллаға аян шығар қылған ісім.
Қасқыр алар Қараойдың қасқалдағы, Солқылдайды кәпірдің басқан жағы. Жайды білмес жаманға ісің түссе, «Әпер» дейді жұлдызды аспандағы.
Жаманның жемтік түссе жөргегіне, Жолдасының қарамас өлгеніне. Жазатайым жақсыға ісің түссе, Биік таудың шығарсың көрнегіне.
Тақияма таққаным тал-тал моншақ, Кер биеге жарасар кер құлыншақ. Өлгеннен соң қаларсың қу сүйек боп, Дауысыңның барында қалшы-ау шырқап.
Өлең деген немене білген құлға, Ақ теңгесін кім қимас алар пұлға. Оралыңның барында ойна да күл, Өлгеннен соң адыра қалар тұлға.
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment