Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4983 Total records
198,489 Unique word forms (full index)
4095 Avg. Document Length
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4983 records

Қара өлең үлгілері

Көшіп жатыр ауылым, қонып жатыр, Қай дегені пенденің болып жатыр. Шыққанменен қырықтың қырқасына, Арман деген кеудеде толып жатыр.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұшады бала бүркіт аспанменен, Қашады қызыл түлкі тастарменен. Бірі қашып, біреуі қуса-дағы, Болжаусыз жан шықпайды сасқанменен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Досым жайлы, ей қалқа, досым жайлы, Ынтымағы жаманның қосылмайды. Алды-артын ойлайтын ер азамат, Дүниеге мастанып отырмайды.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Алқызыл көрінеді қашқан түлкі, Жігіттің қайда қалмас жиған мүлкі. Биікке ойда тұрып қол созамын, Болсын деп шіркін көңіл көтеріңкі.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тізілтіп хат жазайын қаламменен, Адам күні емес пе адамменен. Болмайды жақсыменен сөйлескендей, Сан күлсең де сан ойнап, жаманменен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Үнемі қолда тұрмас бақыт-байлық, Жаманның пайдасы жоқ шөкім шайлық. Бар болса ағайынның залалы жоқ, Дегендей бірде сулық, бірде майлық.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ат жақсы арғымақтан шабыс болса, Жат жақсы ағайыннан таныс болса. Дұшпан түгіл досың да табылмайды, Аяғың бір нәрседен шалыс болса.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тал шыбық жігіт адам таянбайды, Түлкіден тас түлек құс аянбайды. Жігіттер, жас шағыңда ойна да күл, Бұл дүние қайсымызға баяндайды.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дегенде, дүмбір дүние, дүмбір дүние, Азырақ дүмбірлетіп жүрдік дүние. Қалайын тіршілікте ойнап-күліп, Кетеді әлі-ақ өтіп бір күн дүние.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Аспанда ұзақ ұшар тобыменен, Жарқылдап, тұйғын ұшар тобыменен. Болғанмен ұзақ көкте, тұйғын жерде, Бірдей ме дәрежесі соныменен?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Аққудың азығы жоқ жайнағанмен, Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен. Ақылды ақымақпен бірдей емес, Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келеді күн жауғалы бұлт айналып, Шешеннен озды сақау тіл байланып. Тұлпардан мәстек озып бәйге алғаны, Дүние кеткенің бе шырқ айналып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Есекті тұлпар деме, жалы бар деп, Жабыдан айғыр салма, малым бар деп. Болмайды қарға сұңқар, қайырғанмен, Шошқаны сипамағын жануар деп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Базарға пұл жібердім көк кебіске, Жігіттер өкінбеңдер өткен іске. Бірде олай, дүние, бірдей былай, Қарашы өз қолыңа теп-тегіс пе?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Самаурын шай қайнайтын шүмегі алтын, Досыңмен сыйласатын болма салқын. Досыңмен сыйласатын болсаң тату, Көңілің болып жүрер ашық жарқын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ұшып жүрген аспанда ұлар ма екен, Атып алса баласын жылар ма екен? Атып алса, баласы жылар болса, Көкіректен шыбын жан шығар ма екен?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ағайын жат та болса көзге тәуір, Өкпем жоқ, кеудемдегі бәрі бауыр. Жауымның дәлдеп салған найзасынан, Досымның саусағымен шерткені ауыр.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ән деп айтпақ өлеңнің қиын жері, Бәрі бірдей жүйрікке ылди, өрі. Ұшып түскен алтынның сынығындай, Сөз сөйлейді жігіттің кемеңгері.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дегенде, дүние шіркін өтер-кетер, Түбінде сұм дүниенің кімдер жетер? Қадір тұт, бір-біріңе құрмет көрсет, Тірлікте сыйластыққа бар ма жетер?!

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шыназ қала дегенде, Шыназ қала, Айналатын Шыназды су азғана. Оралыңның барында ойна да күл, Өлшеп берген өмірдің күні азғана.

Genre: Қара өлең
Previous Page 191 of 250 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment