Күн шығыс жақта бір патшаның ордасында Кәрім атты данышпан адам бар екен. Патша мұны жақсы көріп, ықыласпен әңгімелесіп, мәжіліс құрады екен. Бір күні патша мұнан: Жер үстінде шеккен өмірді және дүниені немен теңестіруге болады?—деп, сұрау қойыпты. Бұл сұрауға данышпан жауап бере алмапты. Әуелі бір күнге, кейін екі күн...
Genre: Новеллалық ертегі
Year: 1939
Region: Қазақстан
Collector: Ә.Х. Марғұлан
Баяғы заманда Тұрсынхан деген кісінің үш баласы бар екен. Үшеуі де өнерпаз, шешендігімен «Тұрсынханның үш шешені» атаныпты. Тұрсынханның есігінің алдында екпе бәйтерегі бар екен. Сол бәйтеректің әшән ойып, ат басындай алтын тығып қояды. Оны өзінен басқа ешкім білмейді. Тұрсынхан өлер алдында балаларын шақырып алып: —Ба...
Genre: Новеллалық ертегі
Year: 1946
Region: Қазақстан
Collector: Р. Мырзақаев
Өткен заманда бір хан болады, ханның он жеті әйелі болады. Жасы сексенге келгенде әйелдеріне көңілі толмай тағы бір ақылды әйел алуды арман қылады. Хан осы мақсатпен елге жар салады. Онда: «Мен бір жұмбақ айтамын, сол жұмбағымды кім шешсе мол қазына, бір көз алтын беремін, тек дүниеге қызығып таба алмағанды дарға асамы...
Genre: Новеллалық ертегі
Year: 1959
Region: Қазақстан
Collector: А. Мырзалиев
Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Ол заманда хан серіктерімен жүреді екен. Хан серіктерімен бір үлкен тауға келіпті. Оның баурында бір үлкен өзен бар екен. Хан өзенді жағалап сейіл құрыпты. «Бұлған сен бас бол!» деп біреуді хан қойыпты. Ол өңірде бір үлкен көпес бай бар екен. Көпестің бір қатыны, жалғыз қызы бар екен. Қ...
Genre: Новеллалық ертегі
Region: Қазақстан
Collector: Н.Ф. Катанов
Бұрынғы уақытта Мұхтарима деген қатынның екі байы болған екен. Біреуі ұры, біреуі ғаяр. Екеуіне де бір жылы тиіп, біріне тигенін біріне білдірмейді. Сонымен бірнеше жыл өтеді. Бір жылы ұрылар мен алдамшылар ұсталсын деген патшадан қатал жарлық шығып, шаһарда жасауылдар қаптап кетеді. Бір күні ұры сасып үйіне келіп: «Ой...
Genre: Новеллалық ертегі
Region: Қазақстан
Бұрынғы заманда бір ханның перзенті болмай жүргенде, әйелі жүкті болыпты. Ол босануға таяған уақытта хан уәзірлерімен аңға шығып кетіпті. Әйелі ұл туса, сұйінші сұрай келген адамның басынан төмен алтын құятын болып, уәде қылады. Бір күні ханның әйелі толғатыпты. Онымен бірге, үйіндегі малшының әйелі де, толғатыпты. Еке...
Genre: Новеллалық ертегі
Region: Қазақстан
Collector: Ә.А. Диваев
Ерте заманда Асан деген баланың жеті жасында әкесі өліп, жетім қалады. Өздері өте кедей екен. Ішерге асы, киерге киімдері болмаған соң Асанның шешесі Жаңыл баласын жетелеп жүріп, ел қыдырып күнелтетін болыпты. Күндерде бір күн Жаңыл апа Асанды жетелеп Таһир ханның сарайына келіп, жәрдем сұрап, мұңын айтыпты. Хан жаны а...
Genre: Новеллалық ертегі
Region: Қазақстан
Collector: С. Қасимжанов
Ертеде бір ақылды адам болыпты. Күндердің күнінде баласын шақырып алып, бір ақылын үйретіпті. Ақылында: —Балам! Біріншіден—қатыныңа сырыңды айтпа, екінші— ақымақпен дос болма. Үшінші—жаңа байығаннан қарыздар болма!—депті. Баласы әкесінің бұл айтқан сөздерін мақұлдап, көнген. Бірақ, неге айтқанын білмей, талайға дейін т...
Genre: Новеллалық ертегі
Region: Қазақстан
Сейпін деген хан болыпты. Ханның Мүбәрак дейтін уәзірі болыпты. Ханның уәзірі ханға айтыпты: —Ханда 40 кісінің ақылы бар дейді, егерде сізде 40 кісінің ақылы бола тұрып, дау болса, жанжал болса бізге неге жолдайсыз, өз бетіңізбен неге бітіріп жібермейсіз? Бізбен неге ақылдасасыз?—депті. Сонда хан айтыпты: —Ханда 40 кіс...
Genre: Новеллалық ертегі
Region: Қазақстан
Collector: Н. Бегалиев
Бұрынғы өткен заманда бір хан өзінің қол астындағы халқына жар салады. Бүкіл халық жыйналған соң, хан: —Кімде-кімнің әкесінің жасы алпыстан асқан болса, ол шалды далаға алып барып тастау керек. Жасы алпыстан асқан шалдың не керегі бар. Оның қолынан іс келмейді. Үйде жатып, тапқан-таянғандарыңды ішіп-жегеннен басқа оның...
Genre: Новеллалық ертегі
Region: Қазақстан
Ертеде бір байдың жалғыз баласы жылқы бағып жүрсе, бір адам келіп: —Балам! Бір айғыр үйірлі жылқы берсең, мен саған үш ауыз насихат сөз үйретейін,—депті. Бала тұрып: —Құп! Берейін, үйретіңіз,—дейді. Әлгі кісі: —Балам! Суын ішкен құдыққа түкірме, ертеңгі асты тастама, оң қолың ұрыс бастаса, сол қолың арашашы болсын,—дей...
Genre: Новеллалық ертегі
Region: Қазақстан
Collector: Ә.А. Диваев
Бір хан болыпты, ханның бір уәзірі болды, мына үйде айтқан сөзді ана үйде отырып біледі екен. ханның бір баласы болды. Баласы келіп суға шомылса, бір кемемен қырық қыз кетіп барады екен. бір қыз ішінде түрегелді. Сол қызға әлгі бала ғашық болды. Бала қызды: «Кімсің?»—деп шақырды. Қыздың қолында бір алтын тарақ бар екен...
Genre: Новеллалық ертегі
Year: 1870
Region: Қазақстан
Collector: В.В. Радлов
Баяғы өткен заманда, халық ханнан зар илеген заманда өте әділ, өзі бай бір хан жасапты. Ол халқын халық оны сүйіпті. Ханның қырық уәзірі, оның ішінде өте бай, долы, шаш ал десе, бас алатын Қасым және Манап деген екі атақты уәзірі болыпты. Хан өте ақылды адам екен. Ол ханның тұсында өте тыныштық болып, халқы жақсы тұрмы...
Genre: Новеллалық ертегі
Region: Қазақстан
Collector: Е. Сәлімбаев
Бұрынғы заманда бір әмірлі ханның үш тұлпар аттары болып, ол тұлпар аттарын өзінің бір өте сенімді құлына ғана бақтырады екен. Хан сейілге шығарында, ханның мінемін деген тұлпарын атбағушы құлы ерттеп әкеп беріп, кешке құл тапсырып алып тұрады екен. Хан әлгі сенімді құлына өтірік айтпайды деп өте қатты сенеді екен. Бір...
Genre: Новеллалық ертегі
Region: Қазақстан
Collector: Д. Мұсабеков
Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. Бұл патшаға бірнеше патша көңіл сұрай барыпты. Сонда да тұрмапты. Патша басқармаған соң елі күйзеліпті. Осы елде жан ашыр адамы жоқ, ә...
Genre: Новеллалық ертегі
Region: Қазақстан
Collector: Б. Бәйменов
Бұрынғыда бір бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Өзі ақылды дүниедегі білгір болыпты. Бірақ мұның жалғыз баласы болыпты. Күндердің күндерінде бай баласын шақырып алып, бар ақылын үйретіпті. Ақылында «балам біріншіден қатыныңа сырыңды айтпа! Екінші ақымақпен дос болма! Үшінші жаңа байығаннан қарыз алма!»,—деген екен....
Genre: Новеллалық ертегі
Region: Қазақстан
Collector: Б. Көпбергенұлы
Бұрынғы өткен заманда бір үлкен бай болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты. Ол бай шалдың екі көзі соқыр екен, баласы жас екен. Бір күні басқа байлардың балалары мал айдап, дүниелік әкелуге бір шәріге жүрмек болып дайындалыпты. Солардың дайындығын естіген соқыр шал отырып қатты күрсініпті. Сол кезде қасында отырған баласы...
Genre: Новеллалық ертегі
Region: Қазақстан
Collector: Ә. Нұртазин
ATU 300
ATU 508
Бір қалада ерлі-қатынды екі адам болыпты. Бір баласы бар екен. Мейлінше кедей болып ешбір жұмыс қылуға малдары жоқ екен. Бірақ егін салатын азырақ жерлері бар екен. Оны да өздерінің орнына бір кедей көршілеріне сатады екен. Сол көрші екі өгіз амалдап тауып алып, сол жерге егін сала бастапты. Бір уақытта жердегі соқамен...
Genre: Новеллалық ертегі
Year: 1891
Region: Қазақстан
Collector: Ү. Субханбердина
Бұрынғы өткен заманда Қожанай деген бай болыпты. Оның жалғыз ұлы бар екен, өзі қалжақбас, мылжың екен. Бай осы баласы туғанда бір молданы әкеліп атын қойдырыпты. Молдасы құрғыр жақсырақ ат таппаған ба, яки бай орамалды жақсы бермесіне көзі жеткен бе, әйтеуір баланың атын Тесікбай дей салыпты. Тесікбай ержетіпті, өсіпті...
Genre: Новеллалық ертегі
Year: 1961
Region: Қазақстан
Collector: Ы. Әлімжанов
Ертеде бір хан және оның ақылды бір уәзірі болыпты. Хан мен уәзір үнемі ел аралауға шығып тұрады екен. Бір күні уәзірмен ел аралауға шығыпты. Шыққанда, жаман киім киіп: «Елде кім ханды жақсы көреді екен?»—деп, жасырын жүріп, тың тыңдайды. Сол аралаумен жүріп, бір кедейдің үйіне келіп, қонуға рұқсат сұрайды. Ол кедейдің...
Genre: Новеллалық ертегі
Year: 1904
Region: Қазақстан
Collector: Ә.А. Диваев